• Вс. Ноя 24th, 2024
Популярные метки

Полицейлер шымкенттік тұрғынның жоғалған телефонын тауып, иесіне қайтарды

Автор:admin

Авг 28, 2024
Spread the love

Ұялы телефон – ұрылар үшін оңай олжа болып отыр. Гаджеттерді ұрлау бүгінде жеке мүлікті ұрлаудың ең көп таралған түрлерінің бірі болып табылады. Сонымен қатар азаматтар тек телефонынан ғана емес, өздерінің жеке құнды деректерінен де айырылады. Көп жағдайда ұялы телефонды ұрлаудың негізгі себебі иелерінің немқұрайлылығы болып келеді.
Мәселен, Еңбекші ауданы полиция басқармасына жергілікті тұрғын ұялы телефонын жоғалтып алғандығын айтып арызданған. Айтуынша, аулада серуендеп жүріп, 400 мыңдық телефоны жоғалғанын уақыт өте байқап, қайта таба алмаған.
Анықтау бөлімінің қызметкерлері тез арада іздестіру жұмыстарына кірісіп, қажетті жедел шараларды қабылдады. Нәтижесінде полицейлер жоғалған телефонды сол маңның тұрғыны тауып алғанын анықтады. Осылайша аз уақыт ішінде смартфон заңды иесіне қайтарылды.
Өз кезегінде азамат тәртіп сақшыларының жедел әрекет жұмыстарына шынайы ризашылығын білідіріп, алғыс айтты.
Ақылды құрылғының ұрлығынан сақ болу үшін тәртіп сақшылары телефонды қол жетімсіз жерде сақтауға кеңес береді. Алайда, ұрлық орын алған болса, тез арада «102» арнасы арқылы полицияға хабарлаңыз.
Қоса кететін, қазіргі таңда ұрлық жасау, біреуді тонау, ушығып тұрған қылмыстардың бірі. Қоғамдық көлікте болсын, немесе пәтерге түсу арқылы үйді тонау болсын, аталмыш қылмыстардың орын алғандығы туралы естіп жатамыз. Осы ұрлық қылмыстарының алдын алу мақсатында полиция қызметкерлері алдын – алу іс – шараларын тұрақты түрде өткізіп жатса да, ұрлық фактілері тоқтамай келеді.
Өз мүлкін сақтаудың, соның ішінде, үйлерден, автокөліктерден ұрлау фактілерінен сақтанудың бірнеше ережесі:
— Пәтердің кілтін кіреберіс төсеніш астына, пошта жәшігіне, тағы да басқа қол жетімді орындарға жасырмау;
— Пәтерден шығар кезде терезені, есікті жабуды ұмытпау;
— Есік қағылғанда, әсіресе сіз шақырмаған мекеме қызметкері ретінде келіп тұрған адамға есік ашуға асықпау;
— Балаларға, қарт адамдарға бейтаныс адамға еш уақытта есік ашуға болмайтындығын түсіндіріп, сақтандыру;
— Алыс жаққа кетерде, көршілерге пәтеріңізді қарап жүруін өтіну және пошта қағаздарын алып отыруды тапсыру, себебі жиналып қалған пошта қағаздары сырт көзге, үйде ешкімнің жоқтығы жөніндегі бірден – бір белгі болып табылады;
— Есіктің кілті жоғалған жағдайда, бірден құлыпты айырбастау;
— Автокөлікті аулада қараусыз қалдырмау және түнгі уақытта жарықтандырылмаған орындарға қоймау.
Автокөлік ішінде ұялы телефон, бағалы заттар, құжаттарды тастауға болмайды. Себебі, қарақшылар үшін бұл ұрлық жасаудың бірден – бір мүмкіндігі.
Әркімнің қауіпсіздігі – өз қолында. Үнемі әркім өзіне, өз затына абай болуы керек. Қылмыскерлер кез – келген адамды өз жеміне айналдырады. Сондықтан да, сақтықта қорлық жоқ.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика