Түркістан қалалық полиция басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде бұрын сотты болған ұрлық қылмысына қатысы бар жергілікті тұрғынды анықтады.
Күдікті жігіт түнгі уақытта қылмыстық оймен бөтеннің үйіне заңсыз кіріп, гаражынан болгарка, электронды ағаш кесетін арасын және басқа да мүліктерді жасырын жымқырып кеткен.
Полиция қызметкерлері қолды болған мүліктерді тәркілеп, иесіне табыстады.
Қазіргі таңда күдікті жігіттің бұдан басқа да қылмыстарға қатыстылығы тексеріліп, істің мән-жайы анықталуда.
Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі