Сауран аудандық полиция қызметкерлері құқықбұзушылықтардың алдын алу мақсатында мектеп оқушылармен құқықтық сауаттылығын арттыру бойынша сабақ өткізді.
Кездесу аясында полицейлер қазіргі кездегі қоғамдағы құқықбұзушылықтың себеп-салдары, оның алдын алу жөніндегі жүргізіліп жатқан шаралар жайлы сөз қозғады. Яғни жасөспірімдер арасында кеңінен тараған заң бұзушылықтың алдын алу, темекі оның ішінде электронды шылым және сабаққа кешігу мәселелері сөз болды.
Сондай-ақ түнгі уақытта яғни сағат 22:00-ден кейін ойынхана мен кафе мекемелерінде ата-анасының қарауынсыз жүрген жағдайда айыппұл төлейтіндері туралы ескертті.
Іс-шара соңында полицейлер балалардан келіп түскен сұрақтарға жауап беріп, ұсыныстар беріп, оқушыларды әрдайым мұқият болуға және салауатты өмір салтын ұстануға шақырды.
Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі