• Вс. Ноя 24th, 2024
Популярные метки

ПОЛИЦЕЙЛЕР БАЛАЛАР ҚАУІПСІЗДІГІНЕ ӨЗ ҮЛЕСТЕРІН ҚОСТЫ

Автор:admin

Июн 2, 2024
Spread the love

Бірінші маусым – Балаларды халықаралық қорғау күні. Бүгін Адамзат қоғамының ең сүйкімді де, әлсіз, әрдайым қорғауды қажетсінетін, аялап, еркелетуді жақсы көретін жас өскін буынына ересектер тарапынан барынша ілтипат мейір төгетін күн.
Баланың ең сенімді қорғанысы – дені сау, тату, берекелі отбасы. Балалар біздің үмітіміз, болашағымыз. Қуаныш пен шаттыққа толы балалық шақтан асқан сұлулық жоқ, оны солай ету – отбасының, қоғамның, мемлекеттің міндеті.
Балаларды қорғау күнінің мақсаты – балалардың өмір сүруге, пікір бостандығына, білім алуға және қорғауға құқығы бар екенін еске салу.
Бұл мереке 1949 жылы қарашада Әйелдердің халықаралық демократиялық федерациясы конгресінің шешімімен бекітілді.
Қазақстан Республикасы кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау жөніндегі негізгі халықаралық құқықтық құжаттарды ратификациялады, оларды жүзеге асыру барысында балалардың құқықтары мен міндеттерін белгілейтін тиісті заңдар мен қаулылар қабылданды.
Негізгі халықаралық шарт – 1989 жылы 20 қарашада Біріккен Ұлттар Ұйымы қабылдаған Бала құқықтары туралы конвенция.
Бүгінгі мерекеге орай ұйымдастырылған іс-шараларда балалардың автокөліктерде қауіпсіз жетіп, қуанышты, мереке күндерін алаңдамай тойлауына Төлеби аудандық полиция бөлімнің полиция қызметкерлері де өз үлестерін қосты.
Шарада балалар алыста жүрседе полицейлерді жақын ағасындай көріп, автокөліктернің арнайы дыбыс құралдарын қолданып, естелік суреттерге түсіп жатты.
Елімізде барлық балалар ата-анасы мен жақындарын жетістіктерімен қуанта берсін!
Төлеби аудандық полиция бөлімі баршаңызды мерекемен шын жүректен құттықтап, балғын балапандарға бақытты балалық шақ тілейді!

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика