• Вс. Ноя 24th, 2024
Популярные метки

ПОЛИЦЕЙЛЕРГЕ ОТБАСЫНДАҒЫ ҚҰНДЫЛЫҚТАР ТҮСІНДІРІЛДІ

Автор:admin

Сен 2, 2024
Spread the love

Еліміз бойынша қыркүйек айында аталып өтілетін Отбасы күнінің құрметіне орай Түркістан облысы ПД жеке құрамының қатысуымен “Отбасы-отан тірегі” тақырыбында танымдық рухани шара өтті. Жиынға исламтанушы, теолог Арман Қуанышбаев арнайы шақыртылды.
Басқосудың басты мақсаты-отбасы құндылығын насихаттау, жанұяда мейірімді қарым-қатынас орнату. Онда отбасы татулығы, ұрпақ тәрбиесі турасында келелі әңгімелер өрбіді.
Кездесуде сөз сөйлеген Арман ұстаз көтерілген тақырып бойынша орамды ойларын, толғамды пікірлерін айтты. Яғни «Отан отбасынан басталады» деген халықтың дана сөздерін келтіре отырып, адам баласы үшін отаннан кейінгі қасиетті ұғым – отбасы екенін жеткізді. Ол жеке тұлғаның адамгершілік қасиетін, мәдениеттілігін тәрбиелеу жолындағы алғашқы қадамы отбасыдан келетінін алға тартты. Ел қауіпсіздігі жолында қызметте жүрген барлық полицейлер мен олардың жанұяларына зор денсаулық, табысты еңбек тіледі.
Жиын соңында тәртіп сақшыларымен пікір алмасып, сұрақтарына жауап беріп, еркін форматтағы ой алмасу орнады, деп хабарлайды Түркістан облысы ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасаған R-FACTOR.KZ.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика