Бүгін «AMANAT» партиясының республикалық Партиялық бақылау комиссиясының отырысы ZOOM платформасы арқылы өтті.
Күн тәртібінде «AMANAT» партиясының 2023-2027 ж.ж. «Халықпен бірге!» атты Шымкент қаласының сайлауалды бағдарламасын орындау үшін әзірленген Жол картасындағы Шымкент қаласының 2023 жылы Жол картасындағы қол жеткізілмеген көрсеткіштерінің орындалуы туралы және 2024 жылы Жол картасындағы орындалмай қалу қауіпі бар іс-шараларға өзгерістер енгізу туралы. Сонымен қатар, қала аумағын таза ауыз сумен, электр жарығымен, табиғи газбен жабдықтау және жылумен қамту объектілеріндегі жағдай барысы талқыланды.
Айта кетейік, биыл Құрсай елді мекенінде Ұзынағаш, Алтынғасыр, Жарқайың, Таңатар, Қосқорған, Күмісті көл, Киіктау, Жылы сай көшесінен Бекболатов көшесімен жалғасы, Ақбата өткелі, Сарыбел көшесі №1,2,3,4, Зайсан көшесінің жалғасы асфальтталатын болады.
Мегаполис басшысының тапсырмасы бойынша халыққа сапалы қызмет көрсетуді жеделдету мақсатында нысан жазғы кезең басталмай тұрып пайдалануға берілді. Айта кетейік, бұған дейін абоненттер ауыз суды жекеменшік компаниядан кесте бойынша тұтынып келген. Ал, бүгіннен бастап тұрғын алап халқы ауыз суға қосылуға өтінім бере алады. Алдағы уақытта “Құрсай” шағын ауданының тұрғындарын да толық тіршілік нәрімен қамтамасыз ету жоспарланып отыр.
Жиынға орталық бақылау-тексеру комиссиясының мүшесі, Партиялық бақылау комиссиясының мүшесі Ильясова Ануар Қамзақызы, «AMANAT» партиясының Партиялық бақылау департаментінің басшысы Бижуманов Даурен Еркінұлы қатысты. Ал Шымкент қаласынан «AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалы төрағасы Б.Нарымбетов, қалалық филиал Атқарушы хатшысы Ж.Бектаева, фракция жетекшісі Қ.Имашев, Партиялық бақылау комиссиясының төрағасы Ғ.Ташқараев, Шымкент қаласы әкімі аппараты басшысының орынбасары Б.Асанбаев, партиялық бақылау комиссиясының мүшелері, қалалық мәслихат депутаттары, және тиісті басқарма басшылары қатысты.
Отырыстың қорытындысы бойынша жұмысты жандандыру бойынша бірқатар ұсыныстар беріліп, алға қойылған жоспарлар айқындалды.