• Вс. Ноя 24th, 2024
Популярные метки

ПАРТИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Автор:admin

Сен 30, 2024
Spread the love

Бүгін «AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалының Партиялық бақылау комиссиясының кезекті отырысы өтті. Жиынды комиссия төрағасы Ғани Ташқараев жүргізіп, қалалық филиал Атқарушы хатшысы Мұрат Жолдыхожаев, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысының орынбасары Өмір Қалыбаев, комиссия мүшелері мен БАҚ өкілдері қатысты.
Күн тәртібінде «AMANAT» партиясының 2023-2027 ж.ж. «Халықпен бірге!» атты Шымкент қаласының сайлауалды бағдарламасының орындау үшін әзірленген Жол картасындағы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының 2024 жылда атқарған жұмысы қаралып, басқарма басшысының орынбасары Өмір Қалыбаевтың есебі тыңдалды.
Жиын барысында қоғамдық көлік паркінің техникалық жағдайы, жүргізушілерді дайындау, ұжымдық мәдениетті қалыптастыру, оқыс оқиғалардың алдын алу іс-шара жоспарлары және аялдамалардың қауіпіздік талаптарына сәйкес болмауы кеңінен талқыланды. Сондай-ақ жол құрылысы мерзімінде аяқталмаған нысандар бойынша комиссия мүшелері нақты жауап сұрады. Тозығы жеткен көшелерді жөндеу және жарықтандыру жұмыстарының жоспары мен қала тұрғындарының санының өсіміне қызмет жасайтын және уақытша құрылыс іс-шаралары кезінде логистикалық болжам мен жоспар сызбалары жөнінде ұсыныс-пікірлер айтылды.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика