«AMANAT» партиясы Әл-Фараби аудандық филиалына қарасты «Оңтүстік» бастауыш партия ұйымының жиналысы өтті. Жиынды партияның Әл-Фараби аудандық филиалының Атқарушы хатшысы Есенбек Арай Пердешұлы төрағалық етіп, жүргізді.
Күн тәртібіне сәйкес «Оңтүстік» бастауыш партия ұйымының 2021-2022 жылдың қорытындысы бойынша есебі тыңдалды. Сондай-ақ бастауыш партия ұйымының Әл-Фараби аудандық филиалының XLIX (49) конференциясына делегаттар сайланды. Бұл туралы R-factor.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
«Оңтүстік» бастауыш партия ұйымында – 182 партия мүшесі болса, 124 жұмыс жасаушы, 0 студент, 24 декреттегі ана, 23 жұмыссыз, 11 зейнеткер. Партия қатарына қосылып жатқан жаңа студенттер саны күн санап артуда.
«Кедергісіз келешек» – партиялық жоба аясында, аудандық партия филиалы және аудандық әкімдікпен бірлесіп қоғамдық тамақтандыру орындарында, базарлар мен сауда орындарында мүмкіндігі шектеулі азаматтарға қызмет көрсету сапасын жақсартуға бағытталған рейдтік іс-шаралар тұрақты түрде өтіп тұрады. Аталмыш жоба аясында ауданға қарасты 10 ерекше балаға бір реттік көмек ретінде демеушілердің есебінен азық-түлік себеттері мен дәрі-дәрмек үлестірілді.
«Бақытты отбасы» жобасы аясында 2022 жылдың тамыз айында көпбалалы отбасыларға мектеп формасын алу үшін «Мектепке жол» акциясында көп балалы отбасыларға көмек көрсетілді.
Партия әзірлеген «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» атты сайлауалды тұғырнама – бүгінгі күннің күрделі ахуалына қатысты объективті көзқарас. Құжатта азаматтарымыздың әл-ауқатын арттыру бойынша барынша ойластырылған шаралар қамтылған. Аталмыш құжат қарапайым халықтың, әрбір тұрғынның талап-ұсыныстарының негізінде жасақталған. Сонымен қатар мекемеде мүмкіндігі шектеулі жандарға қызмет көрсететін касса, құжат тапсыру бұрышы секілді орындардың барлығы бекітілген талаптарға сәйкес болуы түсіндірілді. Жұмыстың нәтижесінде мекеме басшыларына ескертулер жасалды. Олардың олқылықтарды тез арада ретке келтіруін мониторинг топ қадағалайды.
Айта кетейік, «AMANAT» партиясының 2023-2027 жылдарға арналған бағдарламаcында ерекше қажеттіліктері бар адамдарды қамқорлыққа алу қамтылып, олардың өмір сүру жағдайын жақсартуға ерекше көңіл бөлінген.