• Вс. Ноя 24th, 2024
Популярные метки

Оқу-ағарту министрі алғашқы әскери және технологиялық дайындық мұғалімдерін марапаттады (-1-)

Автор:admin

Май 7, 2024
Spread the love

Отан қорғаушылар күні 20 АӘТД педагогі ведомстволық наградалармен марапатталды. Салтанатты шараға оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев қатысты.
Министр кездесуге қатысушыларды Отан қорғаушылар күнімен құттықтап, оларға өскелең ұрпақты патриотизмге, еңбексүйгіштікке тәрбилеуге қосқан үлестері үшін алғыс білдірді.
«Бүгінде қазақстандық мектептерде 5 мыңға жуық алғашқы әскери және технологиялық дайындық педагогі қызмет етуде. Балалардың бойында рухани-адамгершілік құндылықтарды, қауіпсіздік дағдыларын қалыптастыруда, әскери қызметке құрметпен қарауға, азаматтылыққа, патриотизмге тәрбиелеуде сіздердің еңбектеріңіз өлшеусіз. Сіздер мыңдаған жасөспірім үшін батылдық пен күш-қайраттың үлгісі болып табыласыздар. Еліміздің болашақ отан қорғаушыларын тәрбиелеудегі ерік-жігерлеріңіз бен еңбектеріңіз үшін алғысымды білдіремін», — деді Ғани Бейсембаев.
Сондай-ақ министр педагогтердің еңбегін елеп, оларға марапаттар тапсырды:
«Ы.Алтынсарин» төсбелгісімен марапатталғандар:
1) Коспанов Дархан — Солтүстік Қазақстан облысы Ә. Досмұхамбетов атындағы облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған гимназия-интернатының алғашқы әскери және технологиялық дайындық пәнінің мұғалімі, педагог-шебер;
2) Умирзаков Жанбол — Алматы облысы Жамбыл ауданы Беріктас орта мектебінің алғашқы әскери және технологиялық дайындық пәнінің мұғалімі, педагог-модератор;
«Білім беру ісінің құрметті қызметкері» төсбелгісімен:
3) Умирбеков Сабит — Астана қаласы № 59 мектеп-лицейдің педагог-зерттеушісі;
4) Нұрғамза Руфат — Алматы қаласы № 117 жалпы білім беретін мектептің алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімі, педагог-зерттеуші;
5) Досжан Сержан — Шымкент қаласы Қ. Сыпатаев атындағы № 7 IT мектеп-лицейінің педагог-зерттеушісі;…

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика