Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың бастамасымен бастау алған «Таза Қазақстан» Республикалық экологиялық акциясының аясында және 9-мамыр Жеңіс күніне орай Көксарай ауыл округінің тұрғындары тыл ардагері, ардақты әже Күлжан Бастарбекованың үйінде болып, ауласына абаттандыру жұмыстарын жүргізді. Шара барысында үй-жайлардың маңайларын арам шөптерден тазартып, күл-қоқыстарын шығарып, қора-қопсыларын тазалауға көмек көрсетті.
Сонымен қатар, көксарайлықтар тыл ардагерлерін 9 мамыр – Жеңiс күні мерекесімен құттықтап, сый-құрмет көрсетті.
Мереке қарсаңында көңілдері көтеріліп, жарқын әңгімелескен ардагер ауыл тұрғындарына ыстық ықыласы үшін ризашылығын білдіріп, ақ батасын берді.