Соңғы жылдары қоғамда интернет-алаяқтықтан зардап шеккендердің қатары артқан. Заманауи технологияларды шебер меңгерген қылмыскерлер әртүрлі тәсілдерді қолдану арқылы өз мақсаттарына қол жеткізген. Олардың ішінде ең көп тарағаны — веб-сайттар арқылы жәбірленуші өзі ақша аударып, кейіннен тапсырысын ала алмай қалу деректері болып отыр.
Осындай келеңсіз жайттардың алдын алу мақсатында Отырар ауданы прокуратурасының бастамасымен аудандағы білім бөліміне қарасты мектеп директорлары мен орынбасарларының және балабақша меңгерушілерінің қатысуымен кеңейтілген мәжіліс өтті. Жиында аудан әкімінің орынбасары Айдос Құлмаханов ашып, жүргізіп отырды.
Кездесуде жергілікті полиция бөлімінің бастығы Төлеген Жұмабек баяндама жасап, қоғамда белең алып жатқан интернет алаяқтығының алдын алу жұмыстары туралы айтып өтті.
Жалпы аймақта алаяқтық қылмыстары мен интернет алаяқтық қылмыстары бойынша 2023 жылдың 5 айында 3 қылмыс тіркелсе, 2024 жылдың ос уақытында 20 қылмысқа, яғни, 17 қылмысқа өсіп, 566,7 пайызды құраған. Оның ішінде 15 қылмыс ашылып, 5 қылмыс бойынша қазіргі таңда тергеу жұмыстары жүруде. Аталған мәселеге орай Түркістан облысы полиция департаменті, Отырар АПБ-нің жеке құрам қызметкерлерімен қылмыстың алдын-алу, болдырмау және болған қылмыстарды дер кезінде ашу мақсатында арнайы іс-шаралар ұйымдастырылып, ауыл округтері бойынша халық арасында түсіндірме жұмыстары жүргізілуде. Сондай-ақ, халықтың құлақтандыру мақсатында әлеуметтік желілер мен БАҚ беттерінде ақпараттық хабарламалар жарияланған…