Отырар ауданының тәртіп сақшылары бүгінгі жұмыс күнін қолдарына тырма, сыпырғыш, ағаштарды ақтауға, қоршау шарбағын әрлеуге арналған құрал-жабдықтар алып,«Таза Қазақстан» акциясына үлес қосумен бастады.
Мемлекет басшысының тапсырмасымен республика бойынша «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы бес аптаға созылады. Әр аптаның өзіндік тақырыбы мен нақты мақсаты болмақ.
«Таза өлке». Бірінші аптада елді мекендердің тұрғындары, қоғам қайраткерлері, ұйымдардың қызметкерлері өз аумағындағы аулаларды тазалайды.
«Киелі мекен». Екінші апта тарихи-мәдени ескерткіштердің аумағын абаттандыруға арналады.
«Жасыл аймақ». Үшінші аптада көшет отырғызу, ағаштарды әктеу жұмыстары жүргізіледі.
«Өнегелі ұрпақ». Акцияның төртінші аптасында ардагерлердің аулалары мен қарттар үйінің аумағын тазалау, абаттандыру көзделеді.
«Мөлдір бұлақ». Акцияның қорытынды, бесінші аптасында өзендер мен көлдер қоқыстан тазартылады.
Жеке құрам полиция бөлімінің айналасын қоқыстан тазартып, жасыл желектерді суғарды. Абаттандыру жұмыстарын жасап, көшеттер санын көбейтті.
Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі