1992 жылы 4 маусымда Тәуелсіз Қазақстанның туы, елтаңбасы мен әнұраны ресми түрде бекітілген болатын.
Бұл – ерекше дата. Көк байрағымыз бен елтаңбамыз, әнұранымыз — тарихымызды, мәдени мұрамызды, күшіміз бен болашаққа ұмтылысымызды айшықтайтын қасиетті нышан.
Отырар аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері рәміздер күні мерекенің мерейін асырды. Яғни түрлі челлендждер ұйымдастырып, ел азаматтарын патриот болуға шақырды. Осы күні Отырар ауданы, Шәуілдір ауылы, Жібек жолы даңғылы бойында мемлекеттік туды алып жүру салтанатты автошеру өткізілді.
Шеру мемлекеттік әнұранмен басталып, «Әл-Фараби» атындағы орталық алаңда ту тапсыру рәсімімен аяқталды.
Мемлекеттің рәміздері – оның егемендігі мен тәуелсіздігінің, халық пен билік бірлігінің айғағы. Олар мемлекеттілік идеясын, топтасу мен ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтарға ұмтылуды білдіреді. Еліміздің мемлекеттік рәміздерінің мақсаты, бір жағынан мемлекет идеясының негізгі басымдықтарын қалыптастыру: тұтастық, тәуелсіздік, ел азаматтарының бірлігі, ал екінші жағынан ел азаматтарының бейбіт тату көршілікті жақтаушы ретіндегі бейнесін халықаралық деңгейде қалыптастыру болып табылады.
Мемлекеттік ту Қазақстанның еркіндігі мен біртұтастығын, Елтаңба — біздің жүріп өткен тарихи жолымыз бен бірлігімізді бейнелейді, ал Әнұран Отанға деген мақтаныш пен сүйіспеншілік сезімін оятады.
Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі