Отырар ауданына қарасты Шәуілдір ауылында «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында 600 орындық мектептің құрылысы жүргізіліп жатыр. Осы орайда аудан әкімінің міндетін атқарушы Ж.Сейтжанов мектеп құрылысының жоспарлы орындалуын бақылады. Бүгінде білім мекемесінің құрылысы «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорының қаржыландыруымен бой көтеруде.
Жалпы нысанның құрылыс жұмыстары мердігер мекеме «Integra Construction KZ» ЖШС тарапынан жүргізілуде. Өндірістік кестеге сәйкес, бүгінгі таңда үшінші қабатта құрылыс-монтаждау жұмыстары атқарылуда. Сонымен қатар, мектеп бірыңғай стандартқа сай салынып, заманауи техникамен жабдықталуда.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі