• Пн. Ноя 25th, 2024
Популярные метки

Отбасы саясаты: Отбасылық типтегі жеке меншік балалар үйінің мәселелері

Автор:admin

Сен 27, 2022
Spread the love

ОТБҮ заңнамалық түрде бекітілмеген, олардың қызметінің құқықтық негідемесі 2013 жылы маусым айында қабылданған ҚР Үкіметінің «Жетім балалар мен ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарының қызметін ұйымдастырудың типтік ережелері» Қаулысы, сонымен қатар отбасылық типтегі балалар үйі (ҚР БҒМ БҚҚК жасалған) болып табылады. Қоғамда «отбасылық типтегі балалар үйі» дегеніміз не екендігінің бұрыс түсінігі сақталуда, бұл ОТБҮ –30-дан 110 балаға дейін «балалардың тығыздалуына» әсер етеді. 2. Жеке отбасылық типтегі балалар үйі мемлекетпен қаржыландырылмайды. Жеке ОТБҮ қоймалық шаруашылық, жергілікті органдар мен демеушілердің бір реттік көмегі, патронаттық тәрбие кезіндегі балалар күтіміне берілетін төлем мен қорғаныштық жәрдемақы есебінен күн көреді. Егер мемлекеттік отбасылық типтегі балалар үйінде бір баланың күтіміне жылына жергілікті бюджеттен 100 мың теңгеден астам қаражат бөлінсе, онда жеке балалар үйі мен жетімханалар негізінен демеушілік көмек пен төлемдер есебінен қажыландырылады: • патронаттық тәрбиеге, ол кезде баланың күтіміне орташа алғанда 10 АЕК 26 мың теңге бөлінеді; • немесе балаға берілетін 10 АЕК көлеміндегі қорғаншылық жәрдемақыларға күн көреді. Жеке балалар үйі мен жетімханаларды мемлекеттікпен салыстырғанда сомадағы айырмашылық 80 мың теңгеге дейін құрайды, бұр балалардың қамтамасыздандырылу және амандық деңгейіне әсер етеді. 3. Көптеген жеке ОТБҮ балаларды құжаттандыру, жәрдемақылар мен жеңілдіктерді ресімдеу мәселесі күрделі болып тұр. Бұл келесі жағдайлармен байланысты: • Орындардағы қорғаншылық пен қамқоршылық органдарында қызметкерлердің жетіспеушілігімен, бұл статусты орнату және балаларды ОТБҮ беру, жәрдемақы тағайындау, білім беру мекемелеріне орналастыру мәселелерін шешу үшін уақтылы құжаттардың дайындалуына әсер етеді. • Жеке ОТБҮ мемлекеттік ОТБҮ балаларды қолдау бойынша штаттық қызметкерлер жоқ (мысалы: заңгер психолог, әлеуметтік педагог). Ішкі құжаттама барлық жерде дұрыс жүргізіле бермейді (балалар туралы ақпараттар жинау мен дайындау, есептер және т.б.) • Тәрбиелеуші-ата-аналардың арнайы педагогикалық, психологиялық, заңгерлік білімдері мен біліктіліктері жоқ. 4. Жеке ОТБҮ айрықша қажеттіліктерімен және психикалық дамуының кідірістері бар балалардың инклюзивті білімге қолжетімділігі әрдайым бола бермейді. Мұндай балалардың қажеттіліктері жергілікті билік тарапынан мүлдем ескерілмейді десе болады. Балаларды қолдау мен мониторинг жүйесі жоқ. 5. Жергілікті басқару органдарының тарапынан өзара әрекеттестік пен қолдау қаналдары жоқ, сонымен қатар балалар құқығын сақтау бойынша уәкілетті органдардың тарапынан бақылау да жоқ. Жергілікті билік органдары осындай үйлер мен жетімханаларға жасалған көмек адекватты болатындай жаңа құқықтық және әлеуметтік тәсілдерді түсіндіруге мұқтаж. 6. Жергілікті бірлестіктердің осындай асыранды отбасыларға қарым-қатынасы күрделі болып қалуда. Асырап алған ата-аналар осы балалардың есебінен ақша табады және олардың еңбегін қолданады деп саналады.

R-ақпарат

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика