• Пн. Ноя 25th, 2024
Популярные метки

ОТАН ҚОРҒАУШЫЛАР КҮНІНЕ ОРАЙ САЛТАНАТТЫ ІС-ШАРА ӨТТІ

Автор:admin

Май 7, 2024
Spread the love

Ант қабылдау, үздіктерді марапаттау, патриоттық әндер: Шымкентте Отан қорғаушылар күніне орай салтанатты іс-шара өтті
Іс-шара жас қызметкерлердің ант қабылдау рәсімімен басталды. Ішкі істер органдарының қатарына қабылданған 25 полицей қызметтік міндеттерін адал атқаруға ант берді.
Полиция ғимаратының плацына жиналғандарды департамент бастығы полиция генерал-майоры Думан Таев мерекемен құттықтап, заңнаманы қатаң сақтауға, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, қылмысқа қарсы күрес, сондай-ақ азаматтардың құқықтарын қорғау жолында адал қызмет ету қажеттілігін атап өтті.
Мерекелік іс-шара жұмыс барысында жауапты міндетті арқалап, қоғам тыныштығын күзетуде ерең еңбек еткен қызметкерлерді марапаттаумен жалғасты. 100-ден астам тәртіп сақшысы ҚР ІІМ мен қалалық ПД-нің грамотасы, алғыс хаты және арнайы төсбелгілермен марапатталды.
Бұл күні үздік полицейлердің ата-аналары да назардан тыс қалмады. Оларға «Үздік офицердің анасы» және «Үздік офицердің ақесі» төсбелгілері табысталды.
Іс-шара полиция департаментінің хоры мен талантты қызметкерлердің орындауындағы патриоттық әндер шырқалған концерттік бағдарламамен аяқталды.
Айта кететін, жыл басында Мемлекет басшысы Ішкі істер министрлігінің кеңейтілген алқа отырысында:
— Қоғамдық жерлердегі вандализм – соның айқын көрінісі. Халқымыздың дүниетанымына жат идеология да елімізге зор қауіп төндіреді. Әсіресе, жас ұрпақ жасанды идеялар мен «жалған батырлардың» жетегіне ілесіп кетуі мүмкін. Әлеуметтік желіде жастарды заңсыз іс-әрекет жасауға шақыратын материалдар таралуда.Тіпті, заң бұзған адамдарды үлгі етіп көрсететіндер бар. Біздің азаматтарымыз кез келген заңсыздыққа қарсы болуы керек, яғни бізге заң бұзушылыққа төтеп беретін мықты иммунитет қажет. Ел ішіне іріткі салатын, қауіп төндіретін әрекеттерді ақтауға қатаң тосқауыл қою керек. Құқықтық нигилизмге, яғни заң үстемдігін жоққа шығаруға жол берілмеуге тиіс. Заңға деген құрмет адал азаматқа тән қасиеттің бірі ретінде дәріптелуі қажет. Бұл – мемлекеттік органдарға ғана емес, барша халыққа ортақ міндет. Қысқасы, заң мен тәртіптің үстемдігін қамтамасыз ету – Әділетті Қазақстанды құрудың басты шарты, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика