• Чт. Май 29th, 2025
Популярные метки

ОТАНҒА ҚЫЗМЕТ – АБЫРОЙЛЫ МІНДЕТ

Автор:admin

Май 28, 2025
Spread the love

Шымкентте ҚР Қарулы күштерінің Отар гарнизоны 30212 әскери бөліміне жас сарбазадарды салтанатты шығарып салу рәсімі өтті. Қалада 1 наурыз бен 30 маусым аралығында көктемгі әскер қатарына шақыру науқаны жүргізілуде. Биылғы көктемгі науқанда 1000-нан астам азаматты әскер қатарына жіберу көзделген.

Жиынға қалалық Қорғаныс істері жөніндегі департаментінің бастығы, полковник Әбдіғабит Шегебаев, әскери саланың ардагерлері, сарбаздардың ата-аналары, бауырлары қатысты.
Полковник Ә.Шегебаев әскерге бару әрбір азаматтың қасиетті борышы екенін атап өтіп, жас сарбаздарға сәттілік тіледі.
– Мерзімді скери борышын өтеу – әрбір ер азамат үшін зор абырой. Жылдан жылға Қазақстан Қарулы Күштерінің қуаты артып, әскери дайындық деңгейі жоғарылап келеді. Отан қорғау – перзенттік парыз, мәртебелі міндет. Келесі жылы жас сарбаздарды зор құрметпен қарсы алайық, – деді Әбдіғабит Құрбанұлы.

Сондай-ақ, Еңбекші ауданы әкімінің орынбасары Ерлан Күзенбаев әскерге шақырылушыларға ақ жол тілеп, елдің қауіпсіздігін сақтау аса маңызды міндет екенін атап өтті.
Бүгінгі іс-шарада 30 азамат ҚР Қарулы күштерінің қатарына жіберілді. Ендігі кезекте қаладан Ұлттық ұлан қатарына жас сарбаздарды шығарып салу рәсімдері жүргізіледі.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика