• Вс. Ноя 24th, 2024
Популярные метки

«ОРДАБАСЫ» КЛУБЫ МАУСЫМДЫ ҚАРЫЗСЫЗ БАСТАДЫ

Автор:admin

Июл 29, 2024
Spread the love

«Ордабасы» клубының 2024 жылға дейінгі қарызы толықтай өтеліп, қала әкімінің қолдауымен Клуб маусымды қарызсыз бастады, деп хабарлайды Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған R-FACTOR.KZ.
Жаңа маусымға ойыншылармен және жаттықтырушылармен келісім-шарт жыл басында жасалған. Яғни, клубтың бұрынғы басшысы Абдубайтов Бауыржан Дене шынықтыру және спорт басқармасының келісімінсіз ойыншылардың жалақысын көтеру бойынша келісім-шарт түзген.
УЕФА және Қазақстан футбол федерациясының талаптарына сәйкес келісім-шартты мерзімінен бұрын бұзған жағдайда шарт сомасы толық өтеледі. Маусым ортасында келісім-шартты тоқтату қосымша шығындарға алып келеді. Сондықтан келісім-шарт жасасу мәселесі маусым аяқталғаннан кейін қаралатын болады.
Осыған орай, Ордабасы командасымен шұғыл жиналыс ұйымдастырылып, алдағы өтетін жауапты ойындарға дайындалу бойынша нақты тапсырмалар берілетін болады.
Еске саларлық, алдыңғы жылы федерация мен «Ордабасы» футбол клубы арасында нысандарды жаңарту мақсатында қолға алынған «Алаң» жобасы аясында қолға алынған. Бір айда атқарылған құрылыс барысында футбол алаңына итальяндық үлгідегі газон төселіп, алюминий қақпалар орнатылды.
Қала басшысы мегаполисте бұқаралық спортты қолдау бағытындағы жұмыстардың ауқымды екенін атап өтті.
– Қайырымдылық істің бастамашысы болған ҚФФ президентіне өз алғысымды білдіремін. Нысанда жаттығатын жастарымыздың әлемдік деңгейде көрінуіне тілектеспін. Бұқаралық спортты дамытуға жағдай жасауды жалғастырамыз, – деді қала әкімі.
Соңғы үлгіде жабдықталған футбол алаңында 250-ге жуық жасөспірім жаттығады. Ауқымды жоба аясында биыл елімізде 4 футбол алаңын салу жоспарланған.
Бүгінде Шымкентте дене шынықтыру мен бұқаралық спортты кеңінен насихаттауға ден қойылған. Қала тұрғындарының салауатты өмір салтын ұстануына жағдай жасау мақсатында серуендеу алаңдары мен түрлі орталықтар пайдалануға берілуде. Саябақтар мен қоғамдық орындар да азаматтардың жаттығу жасап, дене шынықтыруына қолайлы жасалуда.
Жуырда қала әкімі Ғабит Сыздықбековтің тапсырмасы бойынша жүгіру және веложолы бар жаңа серуендеу алаңы пайдалануға берілді. Жол бойында бірнеше жаттығу алаңдары салынған. Жоба бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында жүзеге асырылды. Қазір Нұрсәт шағынауданында, қала әкімдігінің жанындағы саябақта тағы бір жүгіру жолы салынуда.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика