Мемлекет басшысының 2022 жылғы 3 наурыздағы «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» №826 Жарлығын іске асыру аясындағы аудан әкімі Азат Оралбаевтың 2024 жылдың қорытындысы мен ағымдағы жылы атқарылған жұмыстар жөніндегі жиындары бүгін Бадам және Бөржар ауыл округтерінде өтті.
Бадам ауыл округінде өткен кездесуде аудан басшысы ең алдымен ауданның экономикалық даму барысына тоқталды. Бұл тұрғыда жергілікті бюджет кірісін арттыру жұмыстары сәтті жүзеге асуда. Ивестиция тарту өнеркәсіп саласын күшейту бағытындағы қадамдар нақты нәтиже беруде. Оң өсім бар. Ауданымыз бюджеттік көрсеткіштер бойынша облыста әлеуетті аудандармен бәсекелесіп, 5 орында тұр. Өндіріс саласы жандана түссе бұдан да жоғары мәрелер күтіп тұр. Әлеуметтік салаға келсек білім саласында Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес жаңа мектеп салу, күрделі және ағымдағы жөндеуден өткізу, мектептердің материалдық техникалық базасын нығайту бойынша көптеген жұмыстар атқарылуда. Аудандағы мемлекеттік 67 мектептің материалдық-техникалық базасы толық жаңартылған. Төрткүл ауылындағы 300 орындық мектеп жыл соңына пайдалануға берілсе, Қызыл жар ауылындағы 300 орындық, Шұбарсу ауылындағы 600 орындық мектеп құрылыстары жаңа оқу жылына дейін және жыл соңына дейін пайдануға беріледі. Сонымен бірге «Жайлы мектеп» жобасы аясында Ақбұлақ ауылынан 300 орындық жаңа мектеп құрылысы тамыз айында, Елшібек батыр және Ынтымақ ауылдарындағы 200 орындық мектептер де жыл соңына дейін ел игілігіне беріледі деп жоспарланған. Көлтоған ауылындағы Е.Ерназаров мектебі күрделі жөндеуден өтсе, тағы 21 мектепке ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді. Биыл да 8 мектепке ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіледі деп жоспарлануда. Жалпы жас өркендердің білім биігіне өрлеуіне барынша мүмкіндік жасалуда. Нәтиже де көңіл толтырады. Оның бір айғағы кеше ғана Республика көлемінде алғашқы болып мүмкін болатын 140 балды біздің ауданымыздың мектеп-гимназиясының оқушысы Абілхан Жәнібек шәкіртіміз алып отыр.
Денсаулық саласында ауданда барлық денсаулық сақтау нысандары жаңартылған. Аудандағы орталық аурухана толықтай заманауй медициналық құрылғылар және құрал жабдықтармен қамтылған.
Мәдениет саласында қазіргі таңда 44 мәдениет ұйымдары халыққа қызмет етуде. Бадам ауылында жаңа мәдениет үйінің құрылысы басталуда. Темірланда 300 орындық музыка мектебінің құрылысы жүргізілуде. Мәдениет нысандарында қажетінше ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілуде.
Бұл аудан басшысының аудан көлеміндегі шаруалар бойынша мәлімдеген мәліметтердің бірқатары.
Бұдан да бөлек әлеуметтік-экономикалық тұрғыдағы көрсеткіштер мен жоспарларға толық тоқталып өткен аудан әкімі келесі кезекте нақты кездесу өтіп отырған Бадам және Бөржар ауыл округтеріндегі хал-ахуалды кеңінен саралады.
Аталған ауыл округтеріне қарасты ауылдардағы көптеген мәселелер оң шешімін тауып отыр. Тұрғындар сапалы ауыз сумен қамтылған. Жолдар жөнделіп, көшелер жарықтандырылуда. Газ саласы оңтайлы шешімін табуда.
Өз кезегінде ауыл тұрғындары тарапынан жұртшылықты толғандырған мәселелер де көтерілді. Жиында ауыл тұрғындары елді мекендердегі су арналарын тазалау, бетондау, көшелерге асфальт төсеу, жайылым жер, ескірген электр бағаналарын ауыстыру, ветеринариялық шаралар, әлеуметтік көмектер секілді бірқатар мәселелерді айтып, ұсыныс-тілектерін білдірді. Күрделі мәселенің басым бөлігі электр жарығы төңірегінде болды. Сол мезетте аудан басшысы ауданның барлық электр жүйесі сенімгерлікке берілген «Оңтүстік Жарық» ЖШС өкілдеріне мәселені жедел шешуге нақты тапсырма беріп, орайы келмеген тұстарын өз тарапымыздан үйлесіреміз деді.
Аудан басшысы әрбір азаматтың көкейкесті сұрақтарына толыққанды жауап беріп, аталған мәселелерді шешу бағытындағы нақты жоспарларды ортаға салды.
Сонымен қатар, кездесуде аудан әкімі тұрғындар көтерген мәселелердің және мемлекеттік бағдарламалардың сапалы әрі уақытылы орындалуы қатаң бақылауда болатынын жеткізді.
Көкейдегі мәселелерге қатысты тұшымды жауап алған ауыл азаматтары табысты атқарылған жұмыстар мен атқарылатын міндеттерге оң бағаларын беріп, аудан басшысының алдағы жұмыстарына сәттілік тіледі.
Айта кетсек, аудан басшысының өз ұсынысымен бұл кездесулер жылдағыдан бөлек форматта өтуде. Жиындар жұртшылыққа қолайлы, барынша ашық жағдайда өтуі үшін ғимарат сыртындағы ашық алаңдарда ұйымдастырылып отыр.
Қоса кететін, «Халық үніне құлақ асатын мемлекетте» Үкімет азаматтарға ойларымен, идеяларымен және пікірлерімен алмасу үшін қолжетімді және ыңғайлы платформалар ұсынады. Бұл сандық платформалар және қоғамдық жиналыстар сияқты құралдар арқылы немесе т.б. жүзеге асырылуы мүмкін.
Мемлекет азаматтардың наразылығын күтпей, олармен араласу мүмкіндіктерін белсенді түрде іздейді. Бұл әртүрлі дауыстарды тыңдау мүмкіндігін қамтамасыз ету үшін белгілі бір қауымдастықтарға немесе қызығушылық топтарына жүгінуді қамтуы мүмкін.
Мемлекет азаматтардың саясаттың қалай тұжырымдалатынын және жүзеге асырылатынын түсінуін қамтамасыз ете отырып, шешім қабылдау үдерісінің ашықтығын көрсетеді. Мұндай ашықтық мемлекет пен қоғам арасындағы сенімді нығайтуға көмектеседі.
Азаматтарға олардың үлестері саяси шешімдерге қалай әсер еткені туралы кері байланыс тетіктерін құру өте маңызды. Бұл олардың дауыстары бағаланатынын және байыпты қабылданатынын көрсетуге көмектеседі.
Мемлекет азаматтардан алынған кері байланыс негізінде саясатты бейімдеуге дайын болуы керек. Бұл икемділік қоғамның өзгермелі қажеттіліктері мен басымдықтарын қанағаттандыру үшін өте маңызды.
Үкімет саяси шешімдерді негіздеу үшін әртүрлі дереккөздерден ақпарат жинап талдайды. Бұған сандық деректер (мысалы, сауалнамалар, статистика) және сапалық деректер (мысалы, қоғамдық пікірлер, баяндамалар) кіреді.
Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тәсілі қоғамда әртүрлі көзқарастар болатынын мойындайды. Әлеуметтік-экономикалық мәртебесіне, этникалық тегіне, жынысына немесе басқа факторларға қарамастан барлық дауыстардың ескерілуін қамтамасыз ету үшін қадамдар жасайды.
«Құлақ асатын/еститін мемлекет» тұжырымдамасы мемлекеттік басқару азаматтардың қажеттіліктері мен ұмтылыстарына жауап беру нәтижесінде тиімді болады деген сенімге негізделген. Үкіметтер жұртшылықты белсенді тыңдау және онымен әрекеттесу арқылы неғұрлым өзекті, әділ және тұрақты саясат құра алады. Бұл тәсіл мемлекеттік институттарға деген сенімнің артуына әкелуі мүмкін. Сайып келгенде инклюзивті және демократиялық қоғам құруға ықпал етеді.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 2 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауында Мемлекет басшысы «Азаматтардың барлық сындарлы сауалдарына жедел әрі тиімді жауап беретін «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру» міндетін қойды. Содан бері билік пен қоғам арасындағы байланыс механизмдері жетілдірілді.
Бүгінгі таңда Қазақстанда мемлекет пен азаматтар арасында келесі байланыс арналары жұмыс істейді:
1. «Ашық үкімет» цифрлық жүйесіндегі цифрлық платформалар:
— «Ашық деректер» data.egov.kz – ел азаматтары үшін қолжетімді деректер жиынтығын жариялау арқылы мемлекеттік органдар қызметінің ашықтығын қамтамасыз ету.
— «Ашық диалог» dialog.egov.kz – мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектор ұйымдарына өтініштер қабылдау.
— «Ашық НҚА» legalacts.egov.kz – нормативтік құқықтық актілердің жобаларын талқылау.
— «Ашық бюджеттер» budget.egov.kz/ – бюджеттік процеске азаматтық қатысу арқылы бюджет қаражатын қалыптастыру мен бөлудің ашықтығын қамтамасыз ету.
— Мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін бағалау https://evaluation.egov.kz/ арқылы мемлекеттік органдар жұмысының бағалануын табуға болады.
«Ашық деректер» порталының деректері бойынша, порталда 3,6 мың ашық деректер, «Ашық НҚА» порталында 118,3 мың НҚА жобасы, «Ашық диалог» порталында 483,8 мың өтіш және «Ашық бюджеттер» порталында 157,7 мың бюджеттік бағдарлама жобасы орналастырылды.
«Е-Otinish» мемлекеттік органдарға өтініш беру жүйесі өзінің тиімділігін көрсетті.
2. Қала әкімдіктерінің сайттарындағы әкімдердің жеке блогтары. Көптеген аудан әкімдері мен өңірлердегі басқарма басшылары азаматтардың өтініштерін қабылдау үшін WhatsApp мессенджерін пайдаланады.
3. Ел аумағында мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша 1414 бірыңғай колл-орталығы бар.
4. «iKomek 109» – Астана қаласы әкімдігінің қалалық мониторинг және жедел әрекет ету орталығы. Халықтың тіршілігін қамтамасыз ету және қауіпсіздік мәселелері бойынша тәулік бойы өтініштер қабылдайтын елорда тұрғындарына арналған қызмет.
5. Интернеттегі әлеуметтік желілерде саяси қызметкерлердің аккаунттары. Мысалы, ҚР Президентінің Facebook, Telegram, Instagram, Twitter-дегі аккаунттары белсенді жұмыс істейді. 2022 жылы ҚР Премьер-Министрі өзінің Facebook аккаунтын ашты. Мәжіліс пен Сенаттың көптеген депутаттары қоғамдық коммуникация үшін әлеуметтік желілерді пайдаланады.
