• Пт. Июн 13th, 2025
Популярные метки

ОРДАБАСЫ: БҮГІНГІ КЕЗДЕСУ ҚАРАСПАН МЕН ҚАЖЫМҰҚАНДА ӨТТІ

Автор:admin

Май 27, 2025
Spread the love

Аудан әкімі Азат Оралбаевтың 2024 жылдың қорытындысы мен ағымдағы жылы атқарылған жұмыстар жөніндегі кездесу жиындары бүгін Қараспан және аудан орталығы Қажымұқан ауыл округтерінде өтті.
Аталған ауыл округтерінде өткен кездесулерде аудан басшысы ең алдымен аудандағы әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштер мен жоспарларды толық мәлімдеді. Ауданда барлық индикаторлық көрсеткіштер жоспарға сәйкес орындалған. Бюджет түсімінің өсіміне жұмыстар қарқынды жүргізілуде. Жалпы бюджет көрсеткіші өткен жылы 47 млрд болса биылғы мақсат 52 млрдқа жеткізу. Ол үшін қаржы түсімін қамтамасыз ететін басты сала кәсіпкерлік, өндіріс салаларына аса басымдық берілуде. Бұл салаларды дамыту үшін отандық және шетелдік ірі инвестициялар тартылуда. Бадам аймағында арнайы өндіріс паркі ашылып, осындай кешендерді көбейтуге қадамдар жасалуда. Сонымен қатар ауыл халқының негізгі тіршілік көзінің бірі ауылшаруашылы саласында да ауқымды істер атқарылуда. Арнайы техникалармен су арналары тазаланып, су үнемділігі үшін арналар бетондалуда, жаңа ауылшаруашылық техникалар сатып алынып, тамшылатып суару технолгиясы енгізілуде. Инфрақұрылым жағдайына келсек ауданда ауызсу мәселесі 95 пайызға деуір шешімін тапқан. Енді, 3 ауылға ауызсу тартылса аудан халқы толықтай тіршілік нәрімен қамтылмақ. Бірқатар себептермен кешеуілдеп тұрған газ жүргізу жұмыстарының көрсеткіші соңғы 2 жылда аудан басшысының тікелей үйлестіруі мен бақылауының нәтижесінде 15 пайыздан 63 пайызға артып отыр. Яғни 57 елдімекеннің 36 сы «көгілдір отынмен» қамтылған. Келесі жылдың аяғына дейін аудан тұрғындарын газбен толық қамту жоспарда. Аудандық маңызы бар жолдар 90 пайыз асфальттанған. Жыл соңына дейін қалған бөлігіне толық асфальт төселетін болады. Ішкі көшелердің 60 пайыздайы асфальттанып, қалған көшелерге толық тас төселген. Жоспар: келер жылы аудандық бюджеттің 50 пайызын көшелерді асфальттауға бөліп, 100 пайыз межеге қадам жасау. Электр энергиясы тұрғысынан ескірген бағаналарды ауыстыру, электр желілерін тарту, жаңа трансформаторлар орнату жұмыстары кезең-кезеңімен іске асуда. Электр саласына жауапты «Оңтүстік Жарық» ЖШС-нің жұмыстары бақылауда. Әкімдік тарапынан қажетті техникалық, материалдық қолдаулар көрсетілуде. Бұл аудан басшысының аудан көлеміндегі шаруалар бойынша мәлімдеген мәліметтердің бірқатары.
Бұдан да бөлек әлеуметтік-экономикалық тұрғыдағы көрсеткіштер мен жоспарларға толық тоқталып өткен аудан әкімі келесі кезекте нақты кездесу өтіп отырған Қараспан және Қажымұқан ауыл округтеріндегі хал-ахуалды кеңінен саралады. Өз кезегінде ауыл тұрғындары тарапынан да өзекті мәселелер жөнінде бірқатар сұрақтар қойылды. Жиында ауыл тұрғындары жайылым жер, үйді-үйге газ тарту, жолдарға белгі қою, бейнебақылау орнату, көше жарығы тәрізді біршама мәселелерді қозғады.
Аудан басшысы әрбір азаматтың көкейкесті сұрақтарына толыққанды жауап беріп, аталған мәселелерді шешу бағытындағы нақты жоспарларды ортаға салды.
Сонымен қатар, кездесуде аудан әкімі тұрғындар көтерген мәселелердің және мемлекеттік бағдарламалардың сапалы әрі уақытылы орындалуы қатаң бақылауда болатынын жеткізді.
Көкейдегі мәселелерге қатысты нақты жауап алған ауыл азаматтары табысты атқарылған жұмыстар мен атқарылатын міндеттерге оң бағаларын беріп, аудан басшысының алдағы жұмыстарына сәттілік тіледі.
Айта кетсек, бүгінгі жиын осы маусымдағы арнайы кездесулердің соңғысы. Кездесулер толығымен аудан басшысының өз ұсынысымен жұртшылыққа қолайлы, барынша ашық жағдайда өтуі үшін ғимарат сыртындағы ашық алаңдарда ұйымдастырылды.
Қоса кететін, «Халық үніне құлақ асатын мемлекетте» Үкімет азаматтарға ойларымен, идеяларымен және пікірлерімен алмасу үшін қолжетімді және ыңғайлы платформалар ұсынады. Бұл сандық платформалар және қоғамдық жиналыстар сияқты құралдар арқылы немесе т.б. жүзеге асырылуы мүмкін.
Мемлекет азаматтардың наразылығын күтпей, олармен араласу мүмкіндіктерін белсенді түрде іздейді. Бұл әртүрлі дауыстарды тыңдау мүмкіндігін қамтамасыз ету үшін белгілі бір қауымдастықтарға немесе қызығушылық топтарына жүгінуді қамтуы мүмкін.
Мемлекет азаматтардың саясаттың қалай тұжырымдалатынын және жүзеге асырылатынын түсінуін қамтамасыз ете отырып, шешім қабылдау үдерісінің ашықтығын көрсетеді. Мұндай ашықтық мемлекет пен қоғам арасындағы сенімді нығайтуға көмектеседі.
Азаматтарға олардың үлестері саяси шешімдерге қалай әсер еткені туралы кері байланыс тетіктерін құру өте маңызды. Бұл олардың дауыстары бағаланатынын және байыпты қабылданатынын көрсетуге көмектеседі.
Мемлекет азаматтардан алынған кері байланыс негізінде саясатты бейімдеуге дайын болуы керек. Бұл икемділік қоғамның өзгермелі қажеттіліктері мен басымдықтарын қанағаттандыру үшін өте маңызды.
Үкімет саяси шешімдерді негіздеу үшін әртүрлі дереккөздерден ақпарат жинап талдайды. Бұған сандық деректер (мысалы, сауалнамалар, статистика) және сапалық деректер (мысалы, қоғамдық пікірлер, баяндамалар) кіреді.
Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тәсілі қоғамда әртүрлі көзқарастар болатынын мойындайды. Әлеуметтік-экономикалық мәртебесіне, этникалық тегіне, жынысына немесе басқа факторларға қарамастан барлық дауыстардың ескерілуін қамтамасыз ету үшін қадамдар жасайды.
«Құлақ асатын/еститін мемлекет» тұжырымдамасы мемлекеттік басқару азаматтардың қажеттіліктері мен ұмтылыстарына жауап беру нәтижесінде тиімді болады деген сенімге негізделген. Үкіметтер жұртшылықты белсенді тыңдау және онымен әрекеттесу арқылы неғұрлым өзекті, әділ және тұрақты саясат құра алады. Бұл тәсіл мемлекеттік институттарға деген сенімнің артуына әкелуі мүмкін. Сайып келгенде инклюзивті және демократиялық қоғам құруға ықпал етеді.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 2 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауында Мемлекет басшысы «Азаматтардың барлық сындарлы сауалдарына жедел әрі тиімді жауап беретін «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру» міндетін қойды. Содан бері билік пен қоғам арасындағы байланыс механизмдері жетілдірілді.
Бүгінгі таңда Қазақстанда мемлекет пен азаматтар арасында келесі байланыс арналары жұмыс істейді:
1. «Ашық үкімет» цифрлық жүйесіндегі цифрлық платформалар:
— «Ашық деректер» data.egov.kz – ел азаматтары үшін қолжетімді деректер жиынтығын жариялау арқылы мемлекеттік органдар қызметінің ашықтығын қамтамасыз ету.
— «Ашық диалог» dialog.egov.kz – мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектор ұйымдарына өтініштер қабылдау.
— «Ашық НҚА» legalacts.egov.kz – нормативтік құқықтық актілердің жобаларын талқылау.
— «Ашық бюджеттер» budget.egov.kz/ – бюджеттік процеске азаматтық қатысу арқылы бюджет қаражатын қалыптастыру мен бөлудің ашықтығын қамтамасыз ету.
— Мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін бағалау https://evaluation.egov.kz/ арқылы мемлекеттік органдар жұмысының бағалануын табуға болады.
«Ашық деректер» порталының деректері бойынша, порталда 3,6 мың ашық деректер, «Ашық НҚА» порталында 118,3 мың НҚА жобасы, «Ашық диалог» порталында 483,8 мың өтіш және «Ашық бюджеттер» порталында 157,7 мың бюджеттік бағдарлама жобасы орналастырылды.
«Е-Otinish» мемлекеттік органдарға өтініш беру жүйесі өзінің тиімділігін көрсетті.
2. Қала әкімдіктерінің сайттарындағы әкімдердің жеке блогтары. Көптеген аудан әкімдері мен өңірлердегі басқарма басшылары азаматтардың өтініштерін қабылдау үшін WhatsApp мессенджерін пайдаланады.
3. Ел аумағында мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша 1414 бірыңғай колл-орталығы бар.
4. «iKomek 109» – Астана қаласы әкімдігінің қалалық мониторинг және жедел әрекет ету орталығы. Халықтың тіршілігін қамтамасыз ету және қауіпсіздік мәселелері бойынша тәулік бойы өтініштер қабылдайтын елорда тұрғындарына арналған қызмет.
5. Интернеттегі әлеуметтік желілерде саяси қызметкерлердің аккаунттары. Мысалы, ҚР Президентінің Facebook, Telegram, Instagram, Twitter-дегі аккаунттары белсенді жұмыс істейді. 2022 жылы ҚР Премьер-Министрі өзінің Facebook аккаунтын ашты. Мәжіліс пен Сенаттың көптеген депутаттары қоғамдық коммуникация үшін әлеуметтік желілерді пайдаланады.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика