Ал, Ордабасы аудандық орталық ауруханасына қарасты Бөржар БМСК-да 1 – маусым балаларды қорғау күніне орай мерекелік іс-шара өтті. Іс-шараға ерекше балалар мен олардың ата-аналары және оқушылар қатысып, өз өнерлерін көрсетті. Іс-шараның мақсаты балалар мен ата-аналардың салауатты өмір салты туралы білімдерін арттыру, әр адамның денсаулығына қамқорлық жасау, спортпен шұылдануды, еңбек және демалыс режимдерін сақтауды дамыту. Келген балалармен әлеуметтік қызметкер мен психолог мамандар түрлі ойындар өткізді. Балалар дәрігері мен мейірбикелер баласының денсаулығын нығайту үшін уақытылы тексеруден өтіп, екпелерін алған ата-аналар мен балаларды алғыс хаттармен марапаттап, сыйлықтар табыстап, балалардың көңіл күйін көтерді.
Ордабасы аудандық орталық ауруханасының балалар бөлімінде жатқан балаларымызды аурухана әкімшілігінің атынан басшының Ана мен бала денсаулығын қорғау жөніндегі орынбасары бастаған ақ халаттылар балалар мен олардың аналарын мейрамдарымен құттықтады. Балалардың дендеріне саулық, жарқын болашақ тілеп, жылы лебізбен сыйлықтар таратылды.