• Пн. Ноя 25th, 2024
Популярные метки

Ордабасылық полицейлер төл мерекесін атап өтті

Автор:admin

Июн 22, 2024
Spread the love

23 маусым — Тәуелсіздіктің төл баласы еліміздегі қоғамдық қауіпсіздік пен тәртіпті сақтап, қылмыс пен құқықбұзушылықпен күрескер болып отырған Қазақстан полициясының кәсіби мерекесі. Ордабасылық полицейлер төл мерекесін аудандық мәдениет үйінде салтанатты түрде атап өтті.
Қауіпсіздік – адамның жетекші қажеттіліктерінің бірі. Қауіпсіздік сезімінсіз адамның толыққанды өмір сүруі және оның жеке басының дамуы мүмкін емес. Полиция, ТЖМ, медициналық және басқа да түрлі мемлекеттік мекемелер азаматтардың қоғамдағы осы қажеттіліктерін жабады. Олардың жұмысының тиімділігінің айрықша көрсеткіші ретінде Қазақстанның бейбітшілікті сүйетін елдер рейтингіндегі орнын қарастыруға болады
Алайда қоғамдағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелеріне қоғамның әрбір мүшесінің рухани мәдениетінің деңгейі әсер ететінін атап өткен жөн. Мұнда құқықтық мәдениет – оның құрамдас бөліктерінің бірі, ол мәдени және құқықтық тәрбие мен оқыту жүйесінің әсерінен қалыптасады.
Салтанатты жиында аудан әкімі Азат Оралбаев, аудан прокуроры Абзал Айғабылұлы, аудандық мәслихат төрағасы Бақдаулет Құрманбекұлы және полиция бөлімінің ардагері, отставкадағы полиция полковнигі Бақыт Маликов полицейлерді кәсіби мерекесімен құттықтап, алдағы қызметтеріне сәттілік тілеп, өз құзіретіне сәйкес үздік полицейлерге алғыс хат табыстады.
Полиция бөлімінің бастығы Ғалымжан Саттарұлы антқа адал, уәдеге берік әріптестерін мерекемен құттықтады. Сонымен қатар, бірқатар тәртіп сақшылары “Мінсіз қызметі үшін” медалімен наградталып, Түркістан облысы Полиция департаменті бастығы М.Қабденовтың алғыс хатымен марапатталды. Сондай-ақ бірқатар ардагер полицейлерге алғыс хат табысталып, құрмет көрсетілді.
Мерекелік шара соңы мәдениет үйі өнерпаздарының концерттік бағдарламасына ұласты.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика