• Вс. Ноя 24th, 2024
Популярные метки

Ордабасылық полицейлер «Ерікті донор» акциясына қатысты (-2-)

Автор:admin

Май 30, 2024
Spread the love

Қан алынғаннан кейін дереу компоненттерге бөлінеді (плазмаға, эритроциттерге, тромбоциттерге) және инфекцияларға тексеріледі. Егер донорлық қанда ешқандай инфекция анықталмаса, әр компоненттің сақталу мерзімін қатаң сақтай отырып, одан әрі қажет болуына байланысты қан компоненттерін қолданады.
Қан тапсырғаннан кейін организмді қалыпқа келтіру үшін, донор екі күн ішінде толыққанды және тұрақты тамақтану қажет, күніне 1-2 литр сұйықтық ішуі қажет. Қан доноры рационында қандағы гемоглобин деңгейіне байланысты ақуыз болу қажет.
Көмекке мұқтаж жандарға қол ұшын созып, қатерлі дертпен күресіп жатқандарға үміт сыйлау, оларды қолдау мақсатында өткізілген акцияға полиция бөлімінің 26 қызметкері қатысып, 12 литрге жуық қан тапсырды. Жиналған қан арнайы орталыққа жолданды.
Өз кезегінде медицина қызметкерлері қан құюға аса мұқтаж болып отырған пациенттердің өмірін сақтап қалуға көмек көрсеткен полицейлерге алғыс айтты.
Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика