Ордабасы аудандық полиция бөлімінің бастығы Ғалымжан Қуашбаев бастаған полиция қызметкерлері «Жеңіс күні» мерекесі қарсаңында, соғыс ардагері Мұрат Қалменов атамыздың шаңырағына ат басын бұрып, құттықтады.
Ұлы Жеңістің 78 жылдығын тойлағалы отырған ардагерге бейбіт өмір үшін күресте көрсеткен ерлігі үшін шынайы алғысын білдіріп, мерекелік сый-сияпатын табыстады.
Айта кетейік, Мұрат Қалменов 1924 жылы Ордабасы ауданы Бадам елдімекенінде дүниеге келген. Соғыс майданына 18 жасынан аттанған жауынгер, бүгінгі таңда аудандағы соңғы соғыс ардагері болып табылады. Өз кезегінде Мұрат Қалменов жүрекжарды лебізін білдіріп, еліміздің тыныштығын күзеткен тәртіп сақшыларына ақ батасын берді.