• Ср. Апр 2nd, 2025
Популярные метки

Облыс әкімі мен идеологиялық замының қолы мәртебелі меймандарды күтуден босамады ма?

Автор:admin

Мар 22, 2025
Spread the love
БОЯУЫ ҚАНЫҚ ҚАЗАҚИ ДӘСТҮР ДӘРІПТЕЛЕТІН МЕРЕКЕНІ ӘЛЕМ-ЖӘЛЕМ ҚЫЛҒАН ҚАЙ «ИНДУС?»
«көзін» ашып қарамай ма?
Негізі бар ғой, «аузымды ашсам, көп сөйлейді» деп сөгесіңдер. Бұл Түркістанның шенеуніктері «үнділерге» қатты еліктеп кетейін деп қалды-ау осы. Туризмнің ашылу маусымындағы «не дерсің, аспанда түрлі түсті бояу шашады екен» деп жұрттың «аузын «көкке қаратып» кеткен» әуе шоуы өтпей қалыпты ғой. Ал бұл шоудың бір көрсетілімі тым қымбатқа түсетін көрінеді… Неге ұшпады, жоспарлаған ұшақтары? Әлде «есептері» түгелденбей қалды ма? Бұл да тегін келмеген шығар а? Әлде елді тиынға сатқан «наурыз көжелеріңізге «таластырып» қойып, әуе шоуы өтті деп, есеп бере саламыз» деп ойлап қалдыңыздар ма?
Нұралыхан Оралұлы, «нан ұрсын, Құдай ұрсын», жұрт қызығын мерекеде мініп көрмеген алып әуешарлары да, әншілер де, бұл «Best Air Graft» щоуы да су тегінге келді» деп айтыңызшы… Әйтпесем біз бұған «қыруар қаржы бөлінді» деген өсекті естіп елең ете қалдық қой. Ақша бөлінсе, ұшпаған алып шар мен өтпеген әуе шоуына бөлінбейтін шығар? Сосын аспанда түрлі-түсті бояу шашады деген не бәле? Үндістердің «Холли» мерекесіне ұқсас бір «креатипті» Түркістанның ғұрпына енгізу ма? Сізге дейін де кезінде, Рашид Аюпов осыған ұқсас бір түрлі-түсті шоуды тықпалағанда, «топырағының «төрінде» жалаңтөс баһадүрлері мен хан билері, әулие-әмбиелері жатқан әулиелі, қасиетті мекенге бөгденің «қаңсығын» тықпалап, жынойнаққа айналдырмаңыздар. Жастарды желіктіріп қажет емес»,- деп жабыла жазып, шырылдап жүріп әрең тоқтатып ек, болдырмай тастап ек…
Түркістанның көненің көзіндей салынған көрікті керім мекеніне шөп шаламды шашып жіберіп, әлем-жәлем түрлі-түсті матаны бейберекет іліп тастағандарыңыз аз болды ма, рас болса егер, түрлі түсті бояу шашады деп күтілген әуе шоуынсыз қай сәндеріңіз келіспей қалды? Біз сұрастырып көрсек, әуе шоуының он минуты бір жарым миллион теңге тұратын көрінеді. Туризмнің ашылу маусымындағы бағдарлама тізіміне енгізілген шоуға қанша теңге қаралды екен? Әлде тізімнен алынып тасталды ма? Олай болса, шара ұйымдастырушылары ақшаны қайтарып беретін шығар ә? Әлде мүлдем бөлінбеді ме?
Жалпы, табан астыңызға төселген алқызыл кілемде жүрмей тұрып сәл «әкім» қызметіне төселіп алмадыңыз ба, Көшеров мырза. Артық айтсам, айып етпеңіз, осы мерекеде «бостығыңыз» бен «лауазымдық «жастығыңызды» біраз байқатып қойған сияқтысыз… Ту сыртыңызда киелі мекеннің қуыс- қуысы «дәретханаға» айналып кете жаздағаны анау, Әз-Наурыздағы мерекеңіздің бояуы қанық салт дәстүрден гөрі, үндістердің киносындағы бір эпизодқа ұқсап кете жаздағаны мынау…
Ішкі саясатыңыздың «білмеймін» деп, басқаға бұрып жатқанын қоя берейікші. Он күндік мерекенің тағы бір күнінде, идеологиялық «замыңыз» баратын жерде, Бейсекең жүр. Осы қызық көрінді… Сонымен, ақсақалдарға қатысты тақырыпқа сай мәжілісменге идеология емес, басқа саланың «замы» «модератор» болған жиынды да көрдік. Сіздер мен жазған кемшіліктері бар тоймен әуре болып жүргендеріңізде, Уласбек Садибеков мырза жанына Бейсен Тәжібаевты ертіп алып, ақсақалдарыңызды «жағалап жүр екен!» Жақсы қадам негізі. Бұл кісілердің Түркістанның аузы дуалы, «қолынан» талай әкім бата алған ақсақалдардың жанынан табылғаны, сізге жанашырлық қой. Болмаса, «елге» деген пейілі мен еңбегінің «өтеуіне» қарап, батасын «бағыштап» отыратын Әзіретберген атамыздың сізге дейін де, талай әкімге бата берген аузы дуалы абыз екені бесенеден белгілі. Бұл кісі қателеспесем, Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтің досы меді? Әлде шатасып тұрмын ба?
Мен «замыңыз» Бейсен Тәжібаевқа да, ытырылып алдыңызға түсіп кетпей, Сізді қолдап жүргеніне үлкен сенім артамын. Ал Ұлекеңнің мықты идеолог екенін жұрт біз айтпай ақ біледі. Баяғыда мойындалып қойған, талай жігіттердің идеологиялық таным көкжиегін арттырған жанашыр азамат қой. Сондықтан осы жиынды өткізгендердің жақсылығына жақсылап назар аударып, еңбегін бағалаңыз, Нұралыхан мырза! Білмесеңіз, Әзіретберген атам, Ұлекең мен Бейсекең туралы жұрттан сұрап көрсеңіз де, болады…
Түркістандағы он күнге созылған тойдың үш күнін аз-маз шолып өттім. Қалғаны туралы да үзік сыр қажет пе, фб-құрметтілерім? «Opendiktermen» ашық сұхбат қажет болып тұр бізге. Әйтпесем, «біірі ұшат, бірі ұшпайт, каз ұшпайт, кейін ұшат» деп жүргендеріңізде, бөлінген болса, қыруар қаржы «желге ұшып» кетпесін!
Өзіңізге деген құрметпен:
Журналист — Алия Ортаева.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика