• Пн. Ноя 25th, 2024
Популярные метки

ОБЛЫС ПОЛИЦИЯСЫ “ТАЗА ҚАЗАҚСТАН” АКЦИЯСЫН ҚОЛДАЙДЫ

Автор:admin

Апр 13, 2024
Spread the love

Бүгін Түркістан облысы полиция департаментінің бастығы М. Қабденовтың тапсырмасымен, барлық полиция басқарма және бөлім қызметкерлері жаппай сенбілікке шықты.
Негізгі мақсат- Президенттің «Таза Қазақстан» экологиялық шарасына қолдау білдіру, табиғат жанашыры ретінде тазалық жұмыстарына өз үлестерін қосу.
Мемлекет басшысының тапсырмасымен республика бойынша «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы бес аптаға созылады. Әр аптаның өзіндік тақырыбы мен нақты мақсаты болмақ.
«Таза өлке». Бірінші аптада елді мекендердің тұрғындары, қоғам қайраткерлері, ұйымдардың қызметкерлері өз аумағындағы аулаларды тазалайды.
«Киелі мекен». Екінші апта тарихи-мәдени ескерткіштердің аумағын абаттандыруға арналады.
«Жасыл аймақ». Үшінші аптада көшет отырғызу, ағаштарды әктеу жұмыстары жүргізіледі.
«Өнегелі ұрпақ». Акцияның төртінші аптасында ардагерлердің аулалары мен қарттар үйінің аумағын тазалау, абаттандыру көзделеді.
«Мөлдір бұлақ». Акцияның қорытынды, бесінші аптасында өзендер мен көлдер қоқыстан тазартылады.
Сенбілікте полиция қызметкерлері өздерінің жұмыс орындарын, оның ішкі-сыртқы аумағын түгелдей тазартып шықты. Күрек пен сыпыртқыларын қолдарына алып, қоқыстардан тазартып, ағаштардың айналасын қопсытып, суғарды. Тал егіп, департамент ауласын көгалдандырды.
Алдағы уақытта да айналамыздың таза болуы үшін полиция қызметкерлері іс-шараны жалғастыра бермек. Себебі «Тазалық-денсаулық кепілі!».
Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика