• Пн. Ноя 25th, 2024
Популярные метки

ОБЛЫСТЫҢ БАС ДӘРІГЕРІ ОРДАБАСЫ АУДАНДЫҚ АУРУХАНАСЫНЫҢ ЖҰМЫС БАРЫСЫН КӨРДІ

Автор:admin

Ноя 5, 2023
Spread the love
Түркістан облыстық денсаулық сақтау басқарма басшысы Асхан Байдуәлиев Ордабасы аудандық орталық ауруханасының жұмыс барысын көрді.
Асхан Мархабайұлы аурухананың барлық құрылымдық бөлімшелерін, инсульт орталығы, балалар бөлімін, емхана бөлімінің жұмысымен танысып, науқастармен кездесті.
Ордабасы АОА бас дәрігері Болатхан Сағымбеков ауруханада атқарылып жатқан жұмыстар мен алдағы уақытта жасалатын шаруалардың жоспарымен, заманауи лабораториялық қондырғылармен, жаңадан алынған КТ аппаратынын жұмыс істеу барысын, операциялық блоктардың медициналық құрал-жабдықтарымен таныстырды.
Басқарма басшысы перзентханадағы танертең дүниеге келген егіздерді көріп, сәбилерге жылы лебізін білдіріп, құттықтады.
Сондай-ақ қызметкерлердің қатысуымен мәжіліс залында кездесу өткізілді.
Аурухананың заманауи күрделі жөндеуден талаптарға сай етіп жасалғанына ризашылығын айтып, қызметкерлерге алдағы жұмыс күндеріне табыс тілеп, үлкен сеніммен қарайтынын білдірді.
Сонымен бірге, облыстық денсаулық сақтау басқарма басшысы Асхан Байдуәлиев Қазығұрт аудандық орталық ауруханасының жұмысымен танысты. Басқарма басшысы аурухананың қабылдау бөлімінен бастап барлық құрылымдық бөлімшелерді аралап, науқастармен кездесіп, жағдайын сұрады.
Аурухана басшысы Бейбіт Төреханов мекемеде атқарылып жатқан жұмыстар мен алдағы уақытта жасалатын шаруалардың жоспарымен, заманауи лабораториялық қондырғылармен, жаңа алынған медициналық құрал-жабдықтармен таныстырды. Сонымен қатар, ауруханада қордаланған шешілуі керек өзекті мәселелерді аурухананың күрделі жөндеу жұмыстары, тозығы жеткен лифттің жаңартылуы, аурухана септігіне күрделі жөндеу қажеттігі айтылды.
Басқарма басшысының және медицина қызметкерлерінің қатысуымен денсаулық сақтау саласының маңызды мәселелері талқыланып, мәжіліс өткізілді. Қызметкерлердің білімі мен біліктілігіне басым көңіл бөлу керектігін, жұмыс барысында сапалы медициналық қызмет көрсету, оған жауапкершілікпен қарау, міндеттерді мінсіз атқару туралы тапсырмалар берілді.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика