• Сб. Мар 22nd, 2025
Популярные метки

Неке-отбасы құқығы- қоғамдық қарым-қатынстарды реттейтін заңдық нормалардың жиынтығы ретінде қарастыруымызға болады.

Автор:admin

Сен 26, 2022
Spread the love

Отбасы ол қоғам айнасының тұтастай бір айнасы екені баршамызға мәлім. “Отбасы” және “Неке” ұғымдары бір-біріне тәуелді. Неке ұғымына қарағанда, отбасы ұғымының түсінігі кеңірек. Неке — отбасының негізгі алғышарты. Көп жағдайларда дұрыс толыққанды отбасы тек қана неке негізінде құрылады және дамиды. Неке — өз еріктерімен және заңда көрсетілген реттермен толық келісе отырып, отбасы құру мақсатында, мүліктік және мүліктік емес жеке қарым-қатынастарды тудыратын, әйел мен ер адам арасындағы тең құқықты одақ. Міне осы ұғымнан шыға отырып, халықаралық жеке құқықтағы неке, тек олардың азаматтарының әр түрлігіне байланысты болатындығын белгілейді. Бұл жерде міндетті түрде шетел элементі қатысуымен, яғни жеке тұлғаға (шетел азаматы) қатысты болуы тиіс.

Халықаралық сипатқа ие, шетел элементімен күрделенген қатынастар ғана халықаралық жеке құқық әрекет етуінің аясына енетіндігін білеміз. Шетел элементі нормасымен жүргізілетін қатынастар шетел азаматы немесе шетел заңды тұлғасы қатысумен болатын, азаматтық құқықтық қатынастардан туындайды. Бұл жағдайда заңды обьект шетелде орналасуы қажет. Сонымен, азаматтық құқықтық қатынастағы шетел элементі:

  1. Шетел азаматтықта немесе заңды тұлғаға қатысы болса, шетелдік тіркеуден өткен тұлғалар;
  2. Азаматтық құқық обьектісінің шетелде орналасуы;
  3. Өзге де шетелдік сипатта болған жағдайларда.

Шетел азаматтары некеге тұрған жағдайда, екі мемлекет арасындағы  “Неке” заңнамаларында көрсетілген реттерде мұндай қатынастар көзделмесе, көрсетілмесе неке заңсыз деп есептеледі. Неке ерлі-зайыптылар, ата-аналар мен балаларды және басқа да жанұя мүшелері арасындағы отбасылық құқықтық қарым-қатынастарды туғызатын негіз болып табылатындықтан, отбасы құқығының маңызды заңдық фактілерінің бірі болып табылады.

Отбасы құқығы – некеге тұру шарттарын және оны тоқтатудың ретін белгілейтін, ерлі-зайыптылар, ата-аналар мен балалар және басқа да туысқандар арасындағы мүліктік және мүліктік емес қатынастарды реттейтін, бала асырап алудың тәртібін белгілейтін бірнеше нормативтік-құқықтық актілердің жиынтығы. Отбасылық қарым-қатынастарда заңдық нормалармен бірге адамдардың адамгершілік қасиеттердің де маңызы зор екенін айта кету керек.

R-ақпарат

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика