• Вс. Ноя 24th, 2024
Популярные метки

Неке-отбасы қатынастарының қазіргі заманғы құқықтық нормасы қандай?

Автор:admin

Сен 28, 2022
Spread the love

Қоғаммен талқыланатын өзекті мәселелердің бірі- Қазақстанда және шет ел мемлекеттерінен алимент өндіру мәселелері. Өкінішке орай, отбасылар ажырасқан кезде баланы асырап, тәрбиелеу мәселесі бұрынғы ерлі-зайыптылар өзара ақылдасып, кеңесіп емес, сотқа жүгіну арқылы талас тартыспен шешеді. Содан кейін бала бағып, өсіру сот үкімімен өндірілетін алимент арқылы қамтамасыз етіледі. Ал мәжбүрлі алимент өндіру өз кезегінде әкімшілік, қылмыстық жауапкершілік сияқты мәселелерді туындататыны жалтарып, әртүрлі әрекеттерге барып жатады.

Отбасы құқығында алимент сөзі (лат. alimentum- ұстау, асырау) деген мағынада, яғни заңдарда көзделгендей бір отбасы мүшесі басқа отбасы мүшесін асырауға міндеттенеді.

“Алимент” деген сөзге мінездеме беретін болсақ, ол: отбасында баланың өмір сүру көзі болып қызмет атқарады; тура бағытталған мақсаты кәмелетке толмаған баланы асырау; ай сайынғы тұрақты төленетін сомма; ата-аналардың жеке міндеттеріне жатады; аса дербес мінездемесі бар; баланың тумысынан төлеу басталып және баланың кәмелет жасқа толып, толық әрекет қабілеттілік бар болған тоқталады; әрбір кәмелетке толмаған балаларға төленеді (ол қай жерде болмасын, яғни балалар мекемесінде, басқа да табыс көздері болған жағдайда төленеді.); міндеттеме ретінде қарастырылады, егер төленбеген жағдайда қылмыстық жазаға тартылады.

Алименттік міндеттемелер “Неке және отбасы” Кодексімен ғана емес, сонымен қатар кейбір шет елдерде Азаматтық кодекспен реттеледі. Мысалы, Грузия, Франция, Германия, Перу, Испания, Греция, Португалия және т.б. кей мемлекеттерде отбасы қатынастары Азаматтық кодексте реттеледі. Беларуссия, Украина, РФ, Вьетнам, Куба және т.б. мемлекеттерде отбасы кодекстерімен реттеледі.

АҚШ-та ата-аналар некелерін бұзған жағдайда сот кәмелетке толмаған балаға әкесіне алимент төлеттіреді. АҚШ-тың соттары және көптеген Еуропа мемлекеттерінің алименттік міндеттемелері борышкердің қайтыс болғаннан соң тоқтатылады деген пікірді ұстанады. Бірақта кейбір штаттарда (Uniform Marriage and Divorse Act) – (некені бұзу туралы біркелкі заң) алимент төлеу міндеттемелері борышкердің өлімімен тоқтатылмайды, алименттік міндеттемелер баланың кәмелетке толғанша жалғасады екен.

Англияда балаға алимент төлеу бала он алты жасқа келгенше төленеді. Баланың алуын он алты жастан кейін оқу орнына түссе, әрі қарай кәсіптік дайындықтан өтіп жатса, баланың осы жаста жұмыс істеуіне не істеуіне қарамастан сот тәртібімен алиментті өндіріп алуға болады. Балаға алимент өндіру түрлері: тұрақты анықталған соммада; кезеңдермен төлеу соммасы; мүлікті қайта бөлу.

Кейбір шет мемлекеттерінде ата-аналар және балалардың алименттік міндеттемелері (РФ, Сербия, АҚШ), ата-аналар алименттік міндеттемелері екі ата-анада баланың кәмелетке толғанша және оқуын толық аяқтағанша қамтамасыз етеді. Алимент алушы болып, заңды некеде және некеден тыс туылған балалар, кәмелетке толған балалар егер де олар еңбекке қабілетсіз, көмекке мұқтаж болғандар алимент алуға құқығы бар. АҚШ заңнамасы бойынша бұрынғы ерлі-зайыптылары біреуі біріне 3 түрлі алименттерді анықтайды. Олар: тұрақты, уақытша, қалпына келтіру(реабилитациа). Тұрақты алимент аз қолданылады. Кейбір штаттарда мұндай алимент түрін мүлдем қолданбайды екен. Уақытша алимент ажырасу сатысындағы уақытта төленетін алимент. Мұндай алимент түрі басқа штаттарда әйел жақ жеңіп шығады. Қалпына келтіру алиментінің мақсаты-алимент алушы алимент ала отырып өзінің кәсібилігін арттыру, қайта мамандандырылуы, тәжірибе алуына, әрі қарай өзін асырауға мүмкіндік беру үшін қажет. Алимент егер алимент алу жұбайы басқа некеге отырса немесе басқа азаматпен азаматтық некеде бірге тұрса тоқтатылады.

R-ақпарат

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика