• Вс. Ноя 24th, 2024
Популярные метки

Нашақорлық – өлім тұзағы

Автор:admin

Май 6, 2024
Spread the love

Шымкент қаласының полиция департаменті Нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрестің 2023-2025 жылдарға арналған Кешенді жоспарында көзделген іс-шараларды іске асыру аясында, мүдделі мемлекеттік органдардың қатысуымен білім ордаларында есірткіні қолдану мен нашақорлықтың алдын алу бағытында түрлі профилактикалық жұмыстар жүргізіп келеді.
Полицейлер еліміздің болашағы жастардың қолында екенін айта отырып, болашаққа сеніммен қадам басу үшін денсаулықтың қажет екенін, зиянды әдеттерге еліктеудің, қызығудың өмірлеріне қауіпті екенін ескертуде.
Осы мақсаттағы кезекті іс-шара «Болашақ» колледжінде жалғасын тапты. Мамандар студенттік жастарға толыққанды ақпарат беріп, жаман әдеттерден аулақ болып, салауатты өмір салтын ұстанып, бос уақытында пайдалы істермен айналысуға шақырды.
Беріліп отырған ақпаратты барынша жеткізу мақсатында, полицейлер қызметтік іздестіру иттерін ортаға алып келіп, олардың мүмкіндіктерін көрсетті. Төрт аяқты достардың көмегімен анықталып жатқан қылмыстардан оқиғаларын айтып, олардың адам көзінен жасырылған есірткілерді иіс сезу арқылы тез табу қабілеттерінің ерекшеліктерін түсіндірді және оны іс жүзінде арнайы ұйымдастырылған қойылымда көрсете білді.
Қоғам алдындағы тұрған басты міндеттің бірі-балалар мен жасөспірімдерді шылым шегу, маскүнемдік, нашақорлықтан қорғау, яғни жат әдеттерге қарсы төзбеушілікті қалыптастыру. Осы мақсатта ағымдағы жылдың бес айында оқушылар мен жастар арасында “Есірткінің адам ағзасына зияны”, “Нашақорлық-қоғамдық дерт”, “Ертеңіңді ойласаң, есірткіге жолама” тақырыптарында дәріс-тренингтер, семинарлар өткізіліп, дәрігерлік кеңестер берілді.
Нашақорлық-әлеуметтік құбылыс. Қоғам дертіне айналған нашақорлық адамның өзіне де, қоғамға да аса зиян. Оның қасіретін өскелең ұрпақ жақсы білуі үшін әрбір ата-ана отбасында балаларына жат әдеттердің зардабы туралы айтып отырса, сонымен қатар әлеуметтік желілерде ақпараттық жұмыстар жүйелі жүргізіліп тұратын болса ұтарымыз көп болмақ. Өйткені бала тәрбиенің 60 пайызын отбасынан, қалғанын сыртқы ортадан алатындығын ұмытпайық.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика