Жалпы нашақорлық ұлттың физикалық және моральдық денсаулығына қауіп төндіреді. Бұған ұрпақтардың генетикалық азғындауы және нашақорлықтың СПИД, гепатит, басқа да ауыр аурулар, гомосексуализм және жезөкшелік проблемаларымен тығыз байланысы кіреді. Мұнда әртүрлі әлеуметтік мәселелердің жиынтығы бар.
Әрбір нашақор артынан бірнеше адамды есірткіге тартуға бейім. Бұл нашақорлықтың «әлеуметтік жұқпалы ауруы».
Есірткіні көп қолдану едәуір қаражатты қажет етеді. Дегенмен қаражаттың болмауынан нашақорлар көп жағдайда өз отбасынан, жақындарынан, достарынан қомақты сома алып жатады, кейіннен тіпті қаражаттың жоқтығынан қылмысқа да баруы жиі кездеседі. Яғни, бір қылмыс екінші қылмысты тудырады.
Синтетикалық есірткілер – бұл психобелсенді есірткі заттарының жаңа түрлері болып табылады. Оларды тұтыну адамның ағзасына өте ауыр зиянын тигізеді. Ол орталық нерв жүйесін зақымдайды. Синтетикалық есірткілерді тұтынған адамда өмір бойына психикалық ауру диагнозы қалады. Оларды бір рет қолданудың өзі өмір бойына тәуелділікке алып келуі мүмкін. Ал, олардан бас тарту өте қиын болып қалады. Синтетикалық заттарды ине арқылы екпейді, иіскеу немесе суға араластырып ішу арқылы қолданады. Сондықтан, адамдар мен ине салмаймын, демек нашақор емеспін деген түсінікте болады…