• Пн. Ноя 25th, 2024
Популярные метки

НАШАҚОРЛЫҚ ПЕН СИНТЕТИКАЛЫҚ ЕСІРТКІГЕ ЖОЛ ЖОҚ! (-2-)

Автор:admin

Авг 21, 2024
Spread the love

Еске саларлық, өткен жылдын маусымында Ұлттық Құрылтайда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев, жастар арасында белең алған басты мәселе нашақорлық жайында айтқан болатын.
“Мен тағы бір нәрсеге баса назар аударғым келеді. Бұл – нашақорлық. Бұл – ұлт саулығына зор қауіп төндіретін кесел. Есірткі жастардың жанын да, тәнін де улап жатыр. Біз есірткіні қолданудың, дайындаудың және таратудың жолын кесіп, тамырына балта шабуға тиіспіз. Әйтпесе, бүкіл еліміздің болашағы бұлыңғыр болады. Бұл мәселе мені қатты алаңдатады. Химиялық есірткілер нарықта кең ауқымда сатылуда. Криминалдық топтар жастарды осындай заңсыз әрекеттерге тартып жатыр.”- деді Қазақстан Республикасының Президенті.
Есірткі – бұл психикалық жағдайдың өзгеруіне әкелетін, жүйелі түрде қолдану тәуелділікке әкелетін өсімдік немесе синтетикалық текті химиялық заттар.
Есірткі заттарын қабылдау жеке тұлғаның деградациясына және ағзаның бұзылуына өте белсенді ықпал етеді, және бұл, адамдар арасында өмір сүретін нашақордың жеке өзіне ғана емес жиі басқалар үшін үлкен қауіп көзіне айналатын іс. Көптеген жағдайларда нашақорлықпен ауыратын адам, өкінішке орай, қоғамға қауіпті қатыгездікке ұшырайды.
Нашақорлық көптеген әртүрлі қылмыстардың, соның ішінде ауыр және аса ауыр қылмыстардың тікелей себебі болып табылады.
Нашақорлық — қазіргі қоғамның қасіреті және ең өзекті проблемаларының бірі. Бұл болашағымызға балта шабатын қауіпті індет. Сондықтан да бұл бағыттағы шараларды көптеп өткізу күн тәртібіндегі маңызды істердің бірі екені даусыз. Келешек жастарды салауатты өмір салтын ұстанып, дұрыс жол таңдауға әрдайым ықпал ету бағытында осындай шаралар алдағы уақытта да өз жалғасын табатын болады…

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика