• Пн. Ноя 25th, 2024
Популярные метки

НАШАҚОРЛЫҚ ПЕН СИНТЕТИКАЛЫҚ ЕСІРТКІГЕ ЖОЛ ЖОҚ! (-1-)

Автор:admin

Авг 21, 2024
Spread the love

Мақтаарал аудандық прокуратурасы Мақтаарал аудандық полиция бөлімі мен «Жастар ресурстық орталығы» КММ-мен бірге «Нашақорлыққа жол жоқ» акциясын өткізді.
Профилактикалық шараның мақсаты – қазіргі таңда белең алған нашақорлық індетінің тамырына балта шабу, бүгінде бүкіл адамзат баласының өміріне қауіп төндіріп отырған нашақорлық пен есірткі бизнесі, синтетикалық есірткінің зияны және жастар мен жасөспірімдер арасындағы зиянды әдеттерге қарсы үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу болып табылады.
Акция барысында ауданымыздың орталық алаңында нашақорлықтың зардаптары жайлы арнайы бейнеролик көрсетіліп, ақпараттық брошюралар таратылды. Сонымен қатар, тұрғындарға есірткінің зияны жайлы түсіндірілді.
Нашақорлық – қазіргі қоғамның қасіреті және ең өзекті проблемаларының бірі. Бұл болашағымызға балта шабатын қауіпті індет. Сондықтан да, бұл бағыттағы шараларды көптеп өткізу – күн тәртібіндегі маңызды істердің бірі екені даусыз.
Қазақстанда да, бүкіл әлемде де үлкен алаңдаушылық тудыратын өзекті мәселелердің бірі – нашақорлықтың таралуы. Бұл құбылыс жеке адамның ғана емес, жалпы ұлттың денсаулығына тікелей қауіп төндіреді. Бүгінгі күні нашақорлық мәселесі әрқайсымызға әсер етуі мүмкін. Шиеленістің күшеюі, стресстік жағдайлар, белгісіздік, тұрақсыздық өскелең ұрпақта мінез-құлықтың асоциалды нысандарын — нашақорлықты тудырады…

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика