Шымкент қаласының жастар ресурстық орталығында ҚР Президентінің кеңесшісі М.Отарбаевтың жастармен кездесу шарасы өтті. Бұл кездесудің мақсаты – жастардың қоғамдағы өзгерістерге қатысуын және саяси өмірге араласуын ынталандыру.
Спикер жастарды кітап оқуға, білім алуға және қоғамдық сананы дамытуға шақырды. «Біз кітап оқитын ұлтқа айналуымыз керек. Кітап оқыған жастар өз ұлтын сүйеді, өмірге деген құштарлығы артады», – деді М.Отарбаев.
Баланың кітап оқуға деген қызығушылығы бастауыш сыныпта қалыптасқаны дұрыс. Себебі жеткіншектер еш нәрсеге қызықпаса, ештеңе үйрене де алмайды. Қазір мектеп оқушыларының кітап оқуға деген ынтасы төмен екені баршаға аян. Түрлі платформаларда ойын ойнап, әлеуметтік желілердегі мағынасы жоқ бейнероликтер тамашалаумен уақытын босқа өткізетіндер көп. Сол үшін мамандар жазғы каникул кезін тиімді пайдаланып, балалардың кітап оқуға деген құлшынысын оятуға кеңес береді.
Ата-ана баланың сезімін, таңдауын сыйлап, оны қабылдай ала білуі керек. Мысалы баласы қандай да бір кітапты оқудан үзілді-кесілді бас тартуы мүмкін. Бұл жағдайда ересектер кітап үшін баласымен қарым-қатынасты бұзбағаны дұрыс. «Жақсы, саған бұл кітап ұнамайды екен, онда не туралы оқығың келеді? Қандай кейіпкерлер болғанын қалайсың? деген сұрақтар арқылы қалауы мен қажеттілігін анықтаса болады. Оқығысы келетін кітапты бірге таңдауға ұсыныс білдірсеңіз бала әдетте қуана қабылдайды. Мұқабасы көз тартарлық, ішінде суреттері қанық кітаптар дүкен сөресінде толып тұр.
Алайда мәжбүрлеп, ренжіп немесе ұрысып оқыту дұрыс емес. Ересектер бір жағдайды түсінсе екен деймін. Бала қызыққан кезде ғана кітапты қолына алады. Ал оны қызықтыру бізге байланысты. Мысалы өзіміз қандай да бір фильмді көрмес бұрын алдымен триллерін, қысқа үзінділерін немесе жазылған пікірлерді бір шолып шығамыз. Егер ұнаса ғана кинотеатрға барамыз. Бала да дәл солай. Сол үшін жақындары кітаптағы оқиға желісін көркем түрде қысқаша баяндап, жеткізе алса, әрі қарай қалай өрбігенін білуі үшін бала кітапты өзі іздейді. Мәжбүрлеп оқытқаннан нәтиже болмайды. Ол қорыққаннан, қатал тәртіп болғаннан кейін ғана оқуы мүмкін. Бірақ кітапқа деген қызығушылығы мүлдем жоғалады.
Балалардан кітаптан не түсінгенін анықтау үшін мұғалімдер қолданатын 7 сұрақ деген тәсіл бар. Ол кім, не, қалай, не үшін, неге, неге олай болды, басқаша қалай болуы мүмкін деген сауалдар баланың ойын жинақтауға көмектеседі. Оқып шықтың, енді түсінгеніңді маған айтып бер деп талап ету оқушылардың ішкі қарсылығын тудырады. Оның үстіне қазір балалардың сөздік қоры аз, балалар ойын қазақша жеткізе алмайды. Сурет, қимыл-қозғалыс арқылы, ритмге салып әнмен жеткізу әлдеқайда жақсы нәтиже береді.
Кездесу барысында алдағы Референдумның және Президент Жолдауының негізгі аспектілері түсіндіріліп, жастарды белсенділік танытуға шақырды. Қатысушылар референдумға дайындықты жеделдету мен жастар арасында ақпараттық жұмыстар жүргізу қажеттігін атап өтті.
Жалпы, бұл шара жастардың қоғамдағы рөлін арттыруға және оларды белсенді азаматтар ретінде тәрбиелеуге бағытталған маңызды қадам болып табылады.
![](https://r-factor.kz/wp-content/uploads/2024/10/461490470_1334349301057888_314304016978377572_n.jpg)