Бүгін Шымкент қаласы мәслихатының кезекті алтыншы сессиясы мәслихат төрағасы Бахадыр Мәдәліұлы Нарымбетовтің төрағалығымен Шымкент қаласы әкімі Әйтенов Мұрат Дүйсенбекұлының қатысуымен өтті. Сессияға әкімдік мүшелері, аудан әкімдері, тиісті басқарма басшылары, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты. Сессия тікелей онлайн трансляцияда көрсетіліп, регламентке сәйкес күн тәртібіне енгізілген 9 мәселе талқыланды. Бұл туралы R-factor.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Аталған мәселелер сессия алдында бірлескен тұрақты комиссиялар отырысында зерделенген.
Сонымен қатар, Шымкент қаласының аудандары әкімдерінің атқарылған жұмысы туралы есептері, білім ұйымдарының жаңа оқу жылына дайындығы, қаланың жылу маусымына әзірлігі мәселелері бойынша баяндамалар тыңдалды. Өз кезегінде мәслихат төрағасы Бахадыр Мәдәліұлы қаланың газбен, ауыз сумен, жылумен қамтылуы, көшелерді жарықтандыру, кәріз жүйесі, жолдар сапасы, мектептердің жаңа оқу жылында оқушыларды қабылдауға әзірлігі және тағы басқа әлеуметтік маңызы бар мәселелер бойынша сын-ескертпелер мен ұсыныстарды бақылауға алуды ұсынды.
Әкімдіктерге оқу жылы басталғанға дейін қауіпсіздікті қамтамасыз ету, оқу бағдарламаларын әзірлеу бойынша қажетті шараларды қабылдау туралы ұсынымдар берілді. Мердігер ұйымдар басталған жұмысты белгіленген мерзімде аяқтамаған жағдайда білім басқармалары оқу процесін ұйымдастыру және оқушыларды білім беру ұйымына және үйлеріне тасымалдауды ұйымдастыру үшін уақытша білім алу орындарын айқындайды.
Айта кетерлігі, министрлік білім беру ұйымдарындағы жөндеу жұмыстарының барысын күн сайын қадағалап отырады. Бұл мониторинг балаларымыздың сапалы білім алуының, білім беру мекемелерінің жаңа оқу жылына дайындығын арттырудың негізгі құралы болып табылад
Жиында cөз алған қала әкімі Мұрат Әйтенов сессияда қаралған мәселелердің маңыздылығын атап өтті.
Сессия соңында мәслихат төрағасы Бахадыр Нарымбетов сессияны қорытындылады.