• Пн. Ноя 25th, 2024
Популярные метки

МӘМС жүйесінің маңызы түсіндірілді

Автор:admin

Ноя 7, 2023
Spread the love
Медициналық сақтандыру қорының өкілдері Шардара аудандық ауруханасында қызметкерлермен кездесіп, МӘМС жүйесінің маңызын түсіндірді.
«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Түркістан облысы бойынша филиалының директоры А.Бейсенбаев айтуынша, МӘМС жүйесі енгізілгелі көрсетілетін қызметтер тізбесі кеңейтілді және олардың көлемі ұлғайды. Сонымен қатар күрделі операциялар мен жоғары дәлдіктегі диагностиканы күту ұзақтығын қысқарту мәселелерін шешуге мүмкіндік берді.
Сонымен қатар, бұрын ақылы негізде жүргізілген көптеген операциялар, мысалы, есту қабілетін қалпына келтіру операциялары МӘМС жүйесі аясында қолжетімді болды.
Қор өз тарапынан халық арасында жүйенің артықшылықтарын түсіндіру жұмысын күшейтуге, медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігін, бөлінген қаржының пайдалану тиімділігін арттыру бойынша жұмысты жалғастыратының айтты.
Сонымен қатар, қор тарапынан барлық көрсетілген медициналық қызметтерге мониторинг жүргізіліп, медициналық көмек көрсетудің расталмаған жағдайлары анықталған. Осы секілді заңға қайшы әрекеттер орын алатын болса, тиісті органдар шара көретіні айтылды.
Халық көбінде азаматтардың емханалардағы ұзақ кезекке тұруы, КТ және МРТ жолдамаларын аламау, медицина қызметкерлерінің дөрекі қарым-қатынасы, білікті дәрігерлердің жетіспеушілігіне шағымданады. Осы шағымдарға талдау жасалып, медициналық ұйымға кемшіліктердің алдын алу шараларын ұйымдастыруды тапсырды.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика