Шымкент қаласының Білім басқармасының Ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларды қолдау орталығының ұйымдастыруымен «Монтессори-әдістемедегі ерекше бала және оған көзқарас» тақырыбында семинар-практикум «Оқушылар сарайы» базасында өтті.
Семинарға «Қазақстан әйелдерінің республикалық кеңесі» қоғамдық бірлестігінің филиалы — «Шымкент қалалық әйелдер кеңесі» қоғамдық бірлестігінің төрайымы, Bambini-Монтессори» ЖШС құрылтайшысы, БҰҰ Қазақстан қауымдастығының төрағасы, дәрігерлер және нейропсихологтар қатысты.
Қазіргі таңда білім саласында әртүрлі деңгейдегі балалармен жұмыс жүргізу жақсы жолға қойыла бастаған. Сөйлеу тілі мен есту мүшелерінде мүкісі бар балалармен дұрыс жүргізіп, олардың жан жақты дамуына жағдай жасау педагог- логопедтердің негізгі міндеті болып табылады. Мүмкіндігі шектеулі балаларға қатысты мемлекетіміздің алдында тұрған негізгі мәселелердің бірі оларды қоғамдық өмірге дайындау,әлеуметтік бейімдеу,жан- жақты дамуларына көмек көрсету, әлеуметтік өмір шеңберде тең құқылы тіршілік ете алуларына жағдай жасау.
Тілдік белгілері меңгеру-тілдің дыбысталуы мен сөйлеу мүшелері бұлшық еттерінің соған сәйкес қозғалуын есте сақтау.Оның қандай затқа немесе құбылысқа т.б. қатысты екендігін есте сақтап және мағынасын ұғынуы қажет.
Сөйлеу дегеніміз-лексикалық,грамматикалық тілдік белгілері қарым-қатынас, тану,т.б. үшін дұрыс қолдана білу.Сонымен бірге,сөйлеу-тілдік белгілерді нақты жағдайда қолдану.Лексикалық және грамматикалық тілдік белгілерді қолдану ережесін тілдік қалып деп атайды. Баланы тілге үйрету-оған «тілдік материяны»(сөйлеу мүшелерін жаттықтыру),меңгеру (есте сақтау),лексикалық және грамматикалық тілдік белгілердің мағынасын түсінуге жеңілдік жасау (ой-өрісті жаттықтыру),лексико-грамматикалық белгілердің көмегімен нақты жағдайға баға беру(эмоция мен сезімді жаттықтыру), қолданыс дәстүрін жеңілдету(үйлесімділік,өзара алмасу болып табылады.
Семинар барысында :
— Құрсақтағы инфекциялар.Сөйлеуінің бұзылу себептері мен салдары;
— Ерекше балаларда математикалық дағдыларын дамыту және мектепке дайындық;
— Сөйлеу тілінде қиындық бар балалармен логопедиялық сабақ жүргізу тәсілдері;
— Монтессори музыка арқылы сөйлеуді дамыту;
және т.б. тақырыптар кеңінен қозғалды.
Қазақстан Монтессори қоры алдағы уақытта білім беру мекемелеріндегі арнайы педагогтерді практикадан өткізуге дайын екендігін мәлімдеді.