• Вс. Ноя 24th, 2024
Популярные метки

МОДЕРНИЗАЦИЯЛАР ЖҮРІП ЖАТЫР

Автор:admin

Окт 3, 2024
Spread the love

«Енді шатырдан су ақпайды» деп қуанған шымкенттіктер қала әкімдігіне ризашылығын білдірді. Қазіргі таңда құрылыс басқармасы модернизация бағдарламасының аясында тозығы жеткен 11 көпқабатты үйді жөндеуден өткізіп, жаңартып жатыр. Бірқатарында жұмыс аяқталуға жақын.
Мәселен, шатыры демонтаж жасалып, кіреберісі мен жертөлесі жөндеуден өткен Ғ.Иляев көшесіндегі №22 тұрғын үйде 80 пайыз жұмыс аяқталған. Сондай-ақ мұнда электр желілері мен құбырлар да ауыстырылған.
А.Әлімбетов көшесі №197 мен А.Байтұрсынов көшесіндегі №94 тұрғын үйде де шатыр жаңартылып, кіреберісте жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Сонымен қатар, электр жүйелері толық ауыстырылады. Күрделі жөндеу жұмыстарын жыл соңына дейін аяқтау жоспарланған.
Ал, Ж.Тәшенов көшесі №77 көпқабатты тұрғын үйде шатырын ауыстыру жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Сонымен қоса жылу, кәріз және су жүйелерінің құбырларын толықтай жаңарту көзделген.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика