30-тамыз Қазақстан Республикасы Конституциясы күні мерекесіне орай Сайрам ауданының Полиция бақармасы жеке құрам қызметкерлері мен Ардагерлер кеңесі мүшелері қатысуында мерекелік жиын өтті.
Аталған жиында жеке құрам қызметкерлеріне Конституцияның маңызды рөлі туралы хроникалық деректі фильм көрсетіліп, қызметтік міндеттерін атқару барысында жоғары көрсеткіштерге қол жеткізген 17 қызметкер басқарма бастығының алғыс хатымен марапатталды.
Сонымен қатар ардагерлер кеңесі мүшелері Н.Убаев, А.Эманов, Ш.Ашировтарға басқарма бастығы өз атынан «Алғыс хатын» табыс етті, деп хабарлайды Түркістан облысы ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасаған R-FACTOR.KZ.