• Вс. Ноя 24th, 2024
Популярные метки

Мектеп оқушылары арасында электронды темекі пайдаланатындар аз емес.

Автор:admin

Окт 26, 2023
Spread the love
 Оның иісі шықпағанымен денсаулыққа өте зиян екенін білмейді. Тек ұлдар емес, темекі тартатын қыздар да бар.
Жастардың 30-40 пайызының синтетикалық есірткіге еліріп жүргені мемлекет деңгейіндегі мәселеге айналды. Одан қалса психотроптық препараттарды қолдану да өскелең ұрпақтың болашағына қауіп төндіріп тұр.
Өйткені, жоғарыда аталған заттарды пайдаланып, алдап-арбап, шырмауына түсіріп, соның кесірінен мектеп жасындағы оқушы қыздардың ерте жүктілікке тап болуына зиянын тигізіп те жатыр. Сол себепті ата-аналардың бала тәрбиесіне аса мән беруін сұранамыз. Ұл-қыздарымыз ойнап жүріп от басып қалмаса деген тілек.
Телефонға тәуелділік те кей жастардың түбіне жетіп жатыр. Телефон арқылы діннен адасып, түрлі бейәдепті көріп, одан қалса соны жасап, тіпті жиһадқа аттанып, суицидке де ұшырап, уақытын босқа өткізіп жатқандарда есеп жоқ.
Телефонды да тиімді пайдалану керек. Ал, әлеуметтік желіге тек фото жүктейтін жер емес, қоғамды тәрбиелейтін бір тетік деп қарау керек.
Түркістан облыстық Дін Басқармасының тапсырысымен «Әйел әдемі әдебімен» жобасы бойынша өткен кездесулерде жоғарғы сынып оқушыларына кең ауқымда насихат айтылды. Сарыағаш ауданы бойынша 34 мекеме қамтылды. Жергілікті ЖАНТ мүшесі Болатбек Байболов оқушылармен сұхбаттасып, ораза, намаз, орамал және т.б сұрақтарына жауап берді.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика