Қазіргі қоғамда өзекті мәселелердің біріне айналған, жастар арасындағы деструктивті діни ағым идеяларының таралуына жол бермеу бағытында, дін саласындағы ақпараттарды түсіндіру, әрі жасөспірімдерге қатысты немесе олардың қатысуымен орын алатын құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында Созақ ауданында ауқымды іс-шаралар өткізілуде. Соның бірі Шолаққорған ауылындағы Т.Әлімқұлов атындағы интернат-лицейінің 8-11 сынып оқушыларымен кездесумен жалғасты. Жиын барысында балалардың жазғы демалыс кезеңдерінде қоғамдық, ойын-сауық орындарында, су айдындарында, жаздық демалыс аймақтарындағы жүріс-тұрыс қағидалары бойынша түсіндірме жүргізілді.
Кездесуге полиция капитаны Д. Айдарұлы, полиция капитаны Р.Әмірханқызы, «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің теолог маманы Қ.Қосмаханов, Жастар ресурстық орталығының маманы Л. Ниязәліқызы қатысты.
Діни экстремизмнің бір көрінісі зайырлы мемлекеттің қағидаттары мен негізін, азаматтық бірегейлікті бұзу әрекеттері қоғамдағы шиеленістің өршуіне, радикалды діни ағым өкілдерінің, оның ішінде халықаралық террористік ұйымдардың қатарына қосылу үшін шет елге заңсыз оқуға деген сылтаумен шығуға тырысатындар бой көрсетуде.
Қазіргі заманғы қауіпті діни идеологиямен күрес мемлекеттің ғана емес, тұтас қоғамның мақсаты болуы тиіс, өйткені радикалды діни идеологияның жаппай деструктивті ақпараттық әсерінен қоғамның жекелеген өкілдерінің сана-сезімі өзгеріске ұшырайды…