Шымкент қаласында 2024 жылдың 1 тамызында «Мектепке жол» жыл сайынғы республикалық акциясы басталды.
Акцияның мақсаты – аз қамтылған, көп балалы, тұрмысы жағдайы төмен отбасылардан шыққан балаларға, жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға әлеуметтік көмек көрсету, әлеуметтік себептер бойынша балалардың мектепке келмеуінің алдын алу.
Бұл көмек мынадай санаттағы отбасының балаларына беріледі:
1) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан шыққан балаларға – 11 390;
2) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы табысы ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен отбасылардан шыққан балаларға – 39 841;
3) отбасыларда тұратын жетім балаларға және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға – 399;
4) төтенше жағдайлардың салдарынан шұғыл жәрдемді талап ететін отбасылардан шыққан балаларға – 0;
5) білім беру ұйымының алқалы басқару органы айқындайтын білім алушылар мен тәрбиеленушілердің өзге де санаттарына (бұдан әрі – білім алушылар мен тәрбиеленушілер) – 4 553 Қаржылай және материалдық көмек көрсетуге бөлінетін қаражатты қалыптастыру, жұмсау бағыты мен есепке алу тәртібін айқындайды. Қамқоршылық кеңес білім беру ұйымының алқалы басқару органы болып табылады.
Атаулы әлеуметтік көмектің (АӘК)мөлшері отбасының жан басына шаққандағы табысы мен облыстарда, республикалық маңызы бар қалаларда, астанада белгіленген кедейлік шегінің мөлшері арасындағы айырма түрінде есептеледі. Жан басына шаққандағы орташа табыс – бұл отбасының жиынтық табысының айына отбасының әрбір мүшесіне келетін үлесі. Кедейлік шегі өңірлік ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70% мөлшерінде белгіленген.
Отбасының жиынтық табысын есептеу кезінде Қазақстан Республикасында және одан тыс жерлерде есептік кезеңде алынған табыстың барлық түрлері ескеріледі, оның ішінде:
— еңбекақы, әлеуметтік төлемдер түрінде алынатын табыстар;
— «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» 2011 жылғы 26 желтоқсандағы ҚР Кодексінде көрсетілген балаларға және тұлғаларға алимент түріндегі табыс;
— жеке қосалқы шаруашылықтан (мал мен құсты ұстауды, бағбандықты, бағбандықты қамтитын үй жанындағы шаруашылықтан) түсетін кірістер;
— кәсіпкерлік қызметтен түсетін кірістер;
— жылжымайтын мүлікті және көлік құралдарын жалға беруден және сатудан түскен кірістер;
— бағалы қағаздардан түсетін кірістер;
— жылжымайтын мүлікті, көлік құралдарын және басқа да мүлікті сыйға тарту, мұраға қалдыру түрінде алынған табыс;
— кредитті (микрокредитті) пайдаланудан түскен кірістер);
— өтеусіз алынған ақша түріндегі кірістер;
— ақшалай салымдар мен депозиттер бойынша сыйақылар түріндегі кірістер;
— ақша аударымдары түріндегі кірістер;
— конкурстарда, жарыстарда (олимпиадаларда), фестивальдарда, лотереялар, салымдар мен борыштық бағалы қағаздар бойынша қоса алғанда ұтыс ойындары бойынша алынған заттай және (немесе) ақшалай түрдегі ұтыстар түріндегі кірістер;
-құрамында 4 және одан да көп балалары бар көп балалы отбасыларға ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы;
— бағдарлама шеңберінде ерікті түрде қоныс аударуға қатысушыларға көшуге (отбасының әрбір мүшесіне) біржолғы төлемді қоспағанда, жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысудан алынған кірістер;
— тұрғын үй заңнамасында белгіленген тәртіппен қарыз бойынша бастапқы жарнаның бір бөлігін жабуға арналған тұрғын үй сертификаттарының сомасы;
— қаржыландыру көзіне қарамастан интерндерге, магистранттарға, докторанттарға, резидентура тыңдаушыларына және оқу орындарының басқа да тыңдаушыларына төленетін стипендиялар және басқалар.
Отбасының жиынтық табысын есептеу кезінде жеке тұлғаның табысы ретінде қарастырылмайды:
— жерлеуге арналған біржолғы жәрдемақылар;
— баланың тууына байланысты біржолғы мемлекеттік жәрдемақылар;
-жетім баланы және (немесе) ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы асырап алуға байланысты біржолғы ақшалай төлемдер;
— жеті жасқа дейінгі мүгедектігі бар балаларға Мүгедектігі бойынша Мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар;
— бірінші, екінші, үшінші топтағы жеті жастан он сегіз жасқа дейінгі мүгедектігі бар балаларға Мүгедектігі бойынша Мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар;
— жеті жасқа дейінгі мүгедек балаларға арнаулы мемлекеттік жәрдемақылар;
— бірінші, екінші, үшінші топтағы жеті жастан он сегіз жасқа дейінгі мүгедек балаларға арнаулы мемлекеттік жәрдемақылар;
— тұрғын үй заңнамасында белгіленген тәртіппен қарыз бойынша бастапқы жарнаның бір бөлігін жабуға арналған тұрғын үй сертификаттарының сомасы.
— «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен наградталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен наградталған көп балалы аналарға ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы;
— атаулы әлеуметтік көмек;
— тұрғын үй көмегі;
— ТЖ салдарынан олардың денсаулығы мен мүлкіне келтірілген залалды өтеу мақсатында отбасына көрсетілген көмек;
— білім беру ұйымдарында көрсетілетін аз қамтылған отбасылар қатарындағы білім алушыларға қаржылық және материалдық көмек;
— аз қамтылған азаматтарға мемлекеттік бюджеттен және өзге де көздерден азық-түлік бағасының өсуіне байланысты көрсетілген ақшалай немесе заттай түрдегі көмек;
— қайырымдылық көмек;
— азаматтардың тегін немесе жеңілдікпен протездеуге сапарына ақы төлеу;
— азаматтардың елді мекеннен тыс жерлерге емделуге тегін немесе жеңілдікпен жол жүру құны және т.б.