• Вс. Ноя 24th, 2024
Популярные метки

«МЕКТЕПКЕ ЖОЛ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АКЦИЯСЫ АЯСЫНДА 300-ДЕН АСТАМ ОҚУШЫҒА ОҚУ ҚҰРАЛДАРЫ БЕРІЛДІ

Автор:admin

Авг 24, 2024
Spread the love

Бүгін Сауран ауданы, Шаға ауылдық округіндегі Әшірбек Сығай атындағы жалпы орта мектебінде жаңа оқу жылының алдында жыл сайынғы жалпы республикалық «Мектепке жол» акциясы өтті. Акцияның мақсаты – оқушылардың мектепке баруын қамтамасыз ету, аз қамтылған және көпбалалы отбасылардан шыққан балалардың қажетті білім алуына көмектесу болып табылады.
Елімізде әлеуметтік осал топтарына жататын отбасылардың саны күн сайын артып келеді. Мемлекет Басшысы: «Халықтың әл-ауқатын көтеру мен табысын арттыру басты міндетіміз», – деп Үкімет алдында нақты талап қойған болатын.
Айта кететін, жан басына шаққандағы орташа табысы кедейлік шегінен аспайтын Қазақстан Республикасы азаматтарының, қандастардың, босқындардың, шетелдіктердің және Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын азаматтығы жоқ адамдардың атаулы әлеуметтік көмек алуына құқығы бар.
Атаулы әлеуметтік көмекке Қазақстан Республикасының азаматтарынан басқа, босқындар, азаматтығы жоқ адамдар, тіпті шетелдіктер де үмітті бола алады.
Табысыңыз кедейлік шегінен жоғары болған жағдайда әлеуметтік төлемдерді тағайындалмайды.
Сонымен қатар, мемлекет ұсынған жұмысқа орналасудан бас тартқан отбасыларға көмек көрсетілмейді.
Аталған ережелер кейбір топтағы адамдарға қатысты емес. Олар:
– үш жасқа дейінгі бала күтімі бойынша демалыста болғандар;
– мүгедек балаға күтім жасайтын отбасы мүшесі, бірінші немесе екінші топтағы мүгедек, сырттан көмекке мұқтаж қарт адам.
Денсаулығы нашар адамдар жұмыс істеуге міндетті емес. Олардың қатарына бірінші және екінші топтағы мүгедектер, сондай -ақ екі айдан астам уақытқа еңбекке жарамсыздық парағын ұсынғандар жатады.
Жұмыссыз және күндізгі бөлімде оқуға рұқсат етіледі (оның ішінде курсанттар, магистранттар, интерндер, докторанттар мен аспиранттар бар).
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі азаматтарды қасақана жалған ақпарат пен нақты емес құжаттарды ұсынудан аулақ болуға шақырады. Егер мұндай құқық бұзушылықтар анықталса, өтініш берушіге АӘК тағайындалмайды.
АӘК тағайындау кезінде бір тұрғылықты жерде тіркелген және ортақ шаруашылықты басқаратын барлық адамдар отбасына қосылады. Бұл ретте мемлекет тарапынан толық қолдау алатын адамдар отбасынан шығарылады. Олар әскери қызметтегі, әлеуметтік қызмет көрсету орталықтарындағы, түрмеде немесе әскердегі адамдар.
Төленетін төлемдердің мөлшері отбасының әрбір мүшесі үшін кедейлік шегі мен отбасының табысы арасындағы айырмашылық ретінде анықталады.
Жан басына шаққандағы орташа табысты анықтау үшін отбасының барлық мүшелерінің 3 айдағы жалпы табысы қосылады.
Атаулы әлеуметтік көмек тоқсан сайын тағайындалып, қаралып отырады. Егер көмек мөлшерін қайта қарауға немесе төлемнің күшін жоюға негіз болатын мән-жайлар туындаса (жалақының өсуі, жұмысының өзгеруі, отбасы мүшесінің қайтыс болуы және т.б.), бұл туралы уәкілетті органға 10 күн ішінде хабарлануы қажет.
Айта кететін, Көпбалалы отбасыларды қолдаудың кешенді моделі құрылған. Оның ішінде мемлекеттік жәрдемақылар, әлеуметтік төлемдер, жұмыспен қамту шаралары, салық салу жеңілдіктері бар.
Бүгінде әлеуметтік көмек отбасылардың келесі 5 санаты бойынша беріледі:
— бір жасқа дейінгі баласы бар аналар мен отбасылар;
— көпбалалы отбасылар;
— мүгедек баласы бар отбасылар;
— аз қамтылған отбасылар;
— асыраушысынан айырылған және бала асырап не қамқорына алған отбасылар.
«Алтын алқа» жетінші сәби бір жасқа толған кезде және алты баласы тірі болған жағдайда ғана беріледі.
Сондай-ақ, егер олардың бірі Қазақстан Республикасының мүдделерiн қорғау кезiнде немесе өзге қызметтiк мiндеттерiн атқару үстiнде қаза тапқан не болмаса хабарсыз кеткен, дүлей апаттар кезiнде не адам өмiрi мен материалдық құндылықтарды құтқару жөнiнде азаматтық борышын атқару үстiнде, қылмысқа қарсы күресте және қоғамдық тәртiп күзетiнде қаза тапқан, сондай-ақ аталған жағдаяттар кезiнде жаралану, мертiгу немесе ауруға шалдығу не еңбек жарақаты немесе кәсiби ауру салдарынан қайтыс болған балалар есепке алынады.
2021 жылдан бастап табысы аз және көпбалалы отбасылардың 1-ден 6 жасқа дейінгі балаларына арналған әлеуметтік пакет жасалады. Әлеуметтік пакетте балалардың тамақтануы, гигиеналық заттар, балалардың ой-қимыл жүйесін дамытқыш құралдар бар.
Ал 6 жастан 18 жасқа дейінгі балаларға мектеп формасы, жолақысы төленіп, мектепте тегін тамақ беріледі. Табысы аз отбасылардың 18 жасқа дейінгі балаларына мемлекет кепіл берген тегін медициналық көмек көрсетіледі.
Көпбалалы ана куәлігі мектеп формасын алуға, түрлі үйірмелерге тегін қатысуға, балабақшаға баратын баласы болса, ақысынан 50 пайыз жеңілдік жасауға, көпбалалы аналарға қоғамдық көлікте тегін жүруге мүмкіндік береді.
Балабақшаға есепке алынғанда көпбалалы отбасының балаларына орын бірінші беріледі. О үшін кезекке міндетті түрде тұру керек. Кезекте тұрған үшінші баладан кейін жеңілдігі бар балаларға жолдама беріледі.
— жеңілдігі бар кезекке тұру үшін, көпбалалыларға төмендегі құжаттардың көшірмесін бірге жолдау керек:
— көпбалалы ананың куәлігі;
— барлық балаларының туу туралы куәліктерінің көшірмесі;
— ата-анасының біреуінің жеке куәлігінің көшірмесі.
Қазақстанда кәмелет жасына толмаған төрт және одан да көп баланы асырап отырған 440 мыңға жуық отбасы бар.
Аталған акцияға аудан әкімінің орынбасары Бақытжан Букебаев, білім бөлімінің басшысы Ақмарал Батырбекова, аудандық мәслихат депутаттары Ерсұлтан Елеуов, Арсылан Раматуллаев тағы да басқа азаматтар қатысты. Шарада аудан әкімінің орынбасары Бақытжан Букебаевтың құттықтау сөзімен басталып, концерттік бағдарламаға ұласты. Акция барысында балаларға жергілікті демеушілер есебінен қажетті оқу құралдары мен киім-кешектер үлестірілді.
Жақсылыққа қайырымдылықпен жауап беру әр жанның болмысына біткен ізгі амал. Маңайыңдағы мұқтаждарға мейірімділік пен ізгілік, достыққа адалдық таныту – адамгершіліктің белгісі болса, адамзаттың барлығына «бауырым» деп қарау Абай атамыздан қалған өсиет. Дәл бүгінгі акция осы сөзімізге арқау болды. Қайырымдылық – адам бойындағы ізгі іске бағыттайтын алтын қақпа іспеттес, ізгіліктің, адамның адамға деген таза ниетін, адамгершілік қарым қатынасын көрсететін адамдардың бір-біріне деген сүйіспеншілігі мен көмегі екені даусыз. Акция балалардың өмір сапасын жақсартуға қосып жатқан үлесінің тағы бір жарқын көрінісі деп білеміз.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика