• Вс. Ноя 24th, 2024
Популярные метки

МЕКЕМЕАРАЛЫҚ ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТТІ

Автор:admin

Июн 3, 2024
Spread the love

Бүгін Шымкент қаласы полиция департаменті бастығының орынбасары полиция полковнигі С.Ергешовтың төрағалығымен қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотының, мамандандырылған әкімшілік сотының, прокуратура, қалалық сот-сараптама орталығының басшылығымен, ШЖҚ «Психикалық денсаулық орталығы» МКК-нің басшылығымен және аудандық полиция басқармаларының басшылығымен жергілікті полиция қызметінің басшылары, анықтау бөлімдерінің басшыларының қатысуында мекемеаралық дөңгелек үстел өтті.
Басты тақырып 14.06.2024 жылы күшіне енетін «ҚР кейбір заңңнамалық актілеріне әйелдердің құқықтарымен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгерістермен толықтырулар енгізу» жөнінде заң жобасы талқыланды. Басты міндет азаматтардың конституциялық құқықтарының бұзылуына жол бермеу екенін ескере отырып, ҚР ҚК-не жаңадан енетін 108-1 бабы мен 109-1 бабының тергеу жолдарымен орын алатын кемшіліктер ортаға салынып, оларды жою мәселелері қарастырылды.
Әйелдер мен балаларға қатысты кез келген сипаттағы зорлық-зомбылық үшін жауапкершілікті қатаңдататын, сондай-ақ отбасы институтын, кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігін нығайтатын нормалар енгізілді:
— денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру және ұрып-соғу қылмыстық құқық бұзушылық ретінде танылды. Денсаулыққа қасақана ауырлығы орташа және ауыр зиян келтіруге қатысты жауапкершілік қатаңдатылды;
— неке және отбасы, әке болу, ана мен бала институтын нығайтуға негізделген неке және отбасы заңнамасының жаңа қағидаттары, сондай-ақ жалпыадамзаттық, ұлттық, дәстүрлі, мәдени, отбасылық құндылықтарды құрметтеу негізінде балалардың адамгершілік, рухани тәрбиесін қамтамасыз ету қағидаты қарастырылған;
— отбасы, әйелдер мен балалардың құқықтарын қорғау мәселелері жөніндегі байланыс орталығы қызметінің құқықтық негіздері жасалды. Оның рөлін ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган айқындайтын заңды тұлға атқарады. Бұл ретте мемлекеттік органдар отбасы, әйелдер мен балалардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша өзара әрекет етіп қана қоймай, байланыс орталығына азаматтардың өтініштерін қарау нәтижесінде қабылданған шаралар туралы ақпарат беруге міндетті болады;
— тұрмыстық зорлық-зомбылықтан зардап шеккендерге арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету үшін отбасын қолдау орталықтарын құруға және олардың жұмысына қатысты мәселелер заңнамалық тұрғыдан бекітілді;
— өзін-өзі өлтіруге итермелегені және ықпал еткені, сондай-ақ өзін-өзі өлтіруді насихаттағаны үшін қылмыстық жауапкершілік енгізілді;
— 16 жасқа толмаған адамдарға сексуалдық сипатта тиіскені үшін қылмыстық жауапкершілік енгізілді. Кәмелетке толмағандарды ұрлағаны және заңсыз бас бостандығынан айырғаны үшін жаза айтарлықтай қатаңдатылды;
— кәмелетке толмағандарды жәбірлегені (буллинг, кибербуллинг) үшін әкімшілік жауапкершілік алғаш рет енгізілді;
— білім беру ұйымдары кәмелетке толмағандар жасаған немесе оларға қатысты жасалған заңға қайшы әрекеттер туралы құқық қорғау органдарына дереу хабарлауға міндетті;
— 16 жасқа дейінгі балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жол ақысын төлемегені үшін оларды қоғамдық көліктен мәжбүрлеп түсіруге тыйым салынды.
Заңдардың мәтіні баспасөзде жарияланады.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика