• Вс. Ноя 24th, 2024
Популярные метки

МЕДРЕСЕДЕ «АЛАШТАНУ», «ТҰЛҒАТАНУ» ДӘРІСХАНАСЫ АШЫЛДЫ

Автор:admin

Мар 15, 2023
Spread the love

Шымкент қаласында орналасқан «Шымкент» медресе-колледжінде жастардың патриоттық сезімін ояту бағытында һәм төл тарихымыз бен рухани дүинелерімізді ұрпақ санасына сіңіру мақсатында «Алаштану», «Тұлғатану» дәрісханасы ашылды. Игі шараға Шымкент қаласының бас имамы Бақдаулет қажы Нұрматұлы, дінтанушы-магистр Мұхамеджан Естеміров, «Шымкент» медресе колледжінің директоры Талғат Әсембай, Анарқұл Сырманов, Бейбіт Сақтағанұлы, Нұрсұлтан Басымбеков т.б. ұстаздар қатысты. Салтанатты шара шейіт болған алаш қайраткерлердің рухына Құран оқып, дұға етуден басталды. Әуелі Шымкент қаласының бас имамы Бақдаулет қажы Нұрматұлы ҚМДБ-ның Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының 2023 жылға арналған бағдарлық баяндамасына тоқталып, болашақ дін мамандарының ұлтжандылық пен отансүйгіштікке баулу және алаш қайраткерлерінің бес ұстанымы жөнінде жан-жақты айтып, түсіндірді. Осыдан кейін, «Алаштану» рухани-тарихи әдістемелік еңбектің авторы Мұхамеджан Естеміров арнайы дәріс оқыды. Игі шара барысында «Шымкент» медресе колледжінің директоры Талғат Әсембай арнайы қатысушы азаматтарға алғыс айтып, ризалығын білдірді. Айта кетсек, оқу жоспарына сәйкес елімізге белгілі алаштану, тұлғатанушы ғалымдар жастардың патриоттық сезімін ояту һәм ұлтжандылық пен отансүйгіштікке баулу бағытында түрлі форматта кездесулер ұйымдастырылатын болып шешілді.
Жалпы айтатын болсақ, Алаштану – Алаш партиясы, Алаш автономиясы және Алашорда үкіметі деген ұғымдарды қамтитын Алаш қозғалысының тарихнамасы немесе зерттелу жағдайы.
Алаштануға арналған алғашқы пікірлер мен зерттеулер 1919–1920 жылдарда мерзімді баспасөз беттерінде жарияланды. Осы мәселе бойынша алғашқы қалам тартушылар көшінің басында Алаш қозғалысы жетекшілерінің бірі Ахмет Байтұрсынұлы пен қоғам және мемлекет қайраткері, ақын Сәкен Сейфуллин тұрды.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика