• Вт. Ноя 26th, 2024
Популярные метки

МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ!

Автор:admin

Июн 14, 2024
Spread the love

Бүгін «AMANAT» партиясы Түркістан қалалық филиалының ұйымдастыруымен, «18-маусым медицина қызметкері күніне» орай партияның мәжіліс залында, медицина саласының қызметкерлері «Алғыс хатпен» марапатталды.
Іс-шараға «AMANAT»партиясы Түркістан облыстық филиалының атқарушы хатшысының орынбасары Қалыйма Жантөреева және «AMANAT» партиясы Түркістан қалалық филиалының атқарушы хатшысы Сұлтанхан Таштеев қатысып, марапатталушыларға ізгі лебіздерін білдіріп «Алғыс хат» табыстады.
Дәрігерлердің еңбегін асыра бағаламау мүмкін емес: миллиондаған адам оларға өміріне араша түскені, қолдау көрсеткені, үміт бергені және қалыпты өмірге оралуға септігін тигізгені үшін алғыс білдіреміз.
Бүгінгі таңда мемлекет алдында тұрған басты міндет – медициналық қызметтердің сапасын арттыру. Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2020 жылғы 1 қыркүйектегі «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Қазақстан халқына Жолдауында берген тапсырмаларын іске асыру шеңберінде денсаулық сақтау министрлігі Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын ұлттық жобаларға трансформациялау процесін бастады. Бұл ретте, ұлттық жобалар мемлекеттік бағдарламаның дәйекті мұрагерлері болады, олардың негізгі ұлттық индикаторы: «2025 жылға қарай Қазақстан Республикасы халқының өмір сүру ұзақтығын 75 жасқа дейін жеткізу» болып табылады.
Медицина саласының қызметкерлері партияның «Ардагерлерді ардақтайық» және «Кедергісіз келешек» жобаларының жүзеге асуына қолдарынан келгенше жұмыс атқаруда, біз «AMANAT» партиясының мүшелерінің көп бөлігі медицина қызметкерлері болғанына құанамыз.
«Ардагерлерді ардақтайық» шарасың негізгі мақсаты — ардагерлер мен жастарды байланыстыру, қарт адамдарға және дәстүрге деген құрметті күшейту, патриоттық тәрбиені нығайту және еліміздің ертеңі жас ұрпақтың бойына, туған жерге, елге, халыққа деген сүйіспеншілікті арттыру.
Жалпы Дүниежүзі денсаулық сақтау ұйымының мәліметі бойынша 18-44 жас аралығындағылар жастар болып саналса, 45-59 жас аралығы – орта жас, 60-74 жас аралығындағылар егде жас, 75-90 жас аралығы – кәрілік, 90 жастан асқандар ұзақ өмір сүруші болып саналады.
Халықтың денсаулығын нығайту – саланың басты міндетінің бірі. Облыста Мемлекет басшысының тұрғындарға медициналық көмек көрсетудің тиімділігін арттыру жөнінде тапсырмаларын орындау мақсатында бірқатар кешенді жұмыстар жүргізіліп, нәтижесінде негізгі көрсеткіштер бойынша оң өзгерістер байқалды. Мәселен, жалпы өлім-жітім көрсеткіші бір деңгейде сақталса, ана өлімі 5,7 есе, сәби өлімі 13,4 пайыз төмендеді.
Егде жастағы тұрғындардың денсаулығын нығайтуда сапалы медициналық қызметтің рөлі ерекше. Осы ретте жыл сайын профилактикалық тексеру мақсатында бастапқы медициналық ұйымдарда нысаналы топтарды қарап-тексеру жүргізіледі. Нақтырақ айтқанда, алты нозология бойынша скринингтік тексеруден өтеді. Облыста былтыр 348345 тұрғын тексеруден өткізілсе, оның 99 000-ы, яғни, 28,4 пайызын егде жастағылар құрады. Қазіргі кезде әрбір емханада қарттар денсаулық мектебі жұмыс істейді. Облыста созылмалы аурулармен 163 000 науқас есепте тұрса, оның ішінде 60 жастан жоғары науқас саны – 52589. Былтыр 480535 жедел жәрдем шақыртуы орындалған. Оның 110 мыңы 60 жастан асқандардың үлесінде. Егде жастағылар арасында жиі кездесетін ауру – көз аурулары. Көп арыз-шағым осы көз ауруларын емдеуге қатысты түсетін
Ардагерлер мен қарттар алдындағы парызымызды білеміз. Бұл парыз – оларға қамқорлық көрсету, оларды қолдау арқылы өтеледі. Ұрпақтар сабақтастығы жарасымымен сақталса елдің берекесі де, мерекесі де таусылмасы анық. Бейбіт заманның қадірін білетін қадірлілеріміздің ақылы – дария, өмірі – өнеге.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика