• Пн. Ноя 25th, 2024
Популярные метки

Медицина саласының өкілдері тұрғындармен пікіралмасты

Автор:admin

Ноя 7, 2023
Spread the love
Түркістан облысы Келес аудандық әкімдікте өткен кездесуде медицина саласының өкілдері тұрғындармен пікіралмасты. Жиынға аудан әкімінің орынбасары А.Сексенбаев төрағалық етті.
Кездесуге ішкі істер басқармасы, мемлекеттік кірістер басқармасы, әлеуметтік қамсыздандыру және жұмыспен қамту бөлімі, қорғаныс істер бөлімі, жоғары не болмаса арнаулы оқу орындарының басшылары, мектеп және балабақша есепшілері, ауылдық округ әкімдері, шаруа қожалықтар, жеке кәсіпкерлер, МӘМС жүйесінде сақтандырылмаған тұрғындар қатысты.
-МӘМС жүйесі мемлекеттің, жұмыс берушілер мен азаматтардың ортақ жауапкершілігі қағидаттарына негізделетінін түсіндірді. Азаматтардың барлық жарналары мен аударымдары Ұлттық банктегі арнайы шотқа түседі және сол жерден емделген жандарға көрсетілген медициналық қызметтер үшін ақы төлеуге жіберіледі – деді, «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Түркістан облысы бойынша филиалының директоры А.Бейсенбаев.
МӘМС жүйесі енгізілгелі көрсетілетін қызметтер тізбесі кеңейтілді және олардың көлемі ұлғайды. Сонымен қатар күрделі операциялар мен жоғары дәлдіктегі диагностиканы күту ұзақтығын қысқарту мәселелерін шешуге мүмкіндік берді.Мысалы, кардиохирургиялық операцияларды күту ұзақтығы 3-4 айдан 1 айға дейін, бағасы қымбат КТ, МРТ қызметтері 10 күнге дейін қысқарды.
Жиын барысында сөз кезегі облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары М.Пазыловқа берілді. Денсаулық саласы өкілінің айтуынша, 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап мемлекеттік қолдау шараларын проактивті тағайындау үшін жұмыс режимінде отбасының цифрлық картасы іске қосылды.
Қолда бар деректер негізінде экономикалық, әлеуметтік, тұрғын үй жағдайлары, денсаулық пен білім бойынша отбасының әл-ауқат деңгейін бағалауға және қадағалауға мүмкіндік беретін талдаулар жүргізіледі. Жүйе мемлекеттік органдар мен ұйымдардың ақпараттық жүйелерінен деректерді жинайды. Нәтижесінде адамның табыс, денсаулық, білім, тұрғын үй және әлеуметтік жағдайлар сияқты белгіленген критерийлер бойынша отбасының әл-ауқатын бағалайды. Бұл отбасылардың қажеттіліктерін автоматты түрде анықтауға және оларға тиісті әлеуметтік қолдау көрсетуге мүмкіндік береді.
Отбасының цифрлық картасын пайдалана отырып, МӘМС жүйесіндегі мәртебені өзектендіруге, медициналық қызметтерді де электронды түрде алуға мүмкіндік бар. Аймақтағы барлық медициналық ұйымдарда аталмыш жобаға қатысады. Осы ретте, аудан, қала әкімдіктері тарапынан тұрғындардың мәліметтерін ақпараттық жүйелерге қайтадан енгізіп, пысықтау керектігі айтылды.
Мұнан соң, «Абай» Келес аудандық орталық ауруханасының бас дәрігері Б.Сланов жыл басынан бері атқарылған жұмыстарға тоқталды. Оның ішінде, медициналық ұйымды құрал-жабдықпен қамту, қызметкерлердің біліктілігін арттыру, бейінді дәрігерлерді тарту, МӘМС жүйесіне тұрғындарды қамту шаралары да бар.
Жиынды қортындылаған аудан әкімінің орынбасары А.Сексенбаев спикерлердің талқыға салған мәселелердің маңыздылығын атап өтті. Әсіресе, мекеме ұйымдар мен ауылдық округ әкімдері МӘМС жүйесіне тұрғындардың толығымен қамтуға қатысты деректер қорына мәліметтерді енгізу жұмыстарын жүргізуді тапсырды.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика