2023 жылғы 26 маусым күні Шымкент қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Медиация кеңесінің кезекті отырысы өтті.
Кездесу барысында ағымдағы мәселелер талқыланып, алдағы III- тоқсанға жоспарланған Этномедиация курсы бойынша пікір алмасылды.
Қазақстан халқы Ассамблеясының медиация кабинеті жұмыс істейді. Кәсіби емес медиатор азаматтарға құқықтық көмектер, даулы мәселерді сотқа дейінгі шешу жұмыстарымен айналысады. Былтыр ҚХА мен Шымкент қалалық және аудандық соттармен бірлесе, медиация институтын дамытуға бағытталған 28 іс-шара (18 «дөңгелек үстел» отырысы, 10 семинар) өткізіліп, оған 1500-ге жуық адам қатысқан. Медиаторлардың қатысуымен ұйымдастырылған іс-шаралардың нәтижиесінде 1366 дау медиация рәсімі арқылы сотқа дейінгі және сот барысындағы тәртіппен, оң шешілді. Жиын барысында өңіріміздегі этносаралық тұрақтылықты сақтау бойынша өз ойларын ортаға салып, сұрақ-жауап түрінде пікір алмасты. Кеңес отырысында түйткілді мәселелерді шешуге және медиация жұмысын жандандыруға өзіндік үлесін қосып, белсенділік танытуы керектігін айтты. Жиын соңында Ұ.Айтубаева өңірдегі қоғамдық келісімді нығайтуға бағытталған іс-шаралар тұрақты түрде жалғасатындығын жеткізіп, облыс бойынша барлық медиация орталығымен әріптестік байланыс орнатылғанын атап өтті.
«Тұрғындар арасында туған дау-дамайды шешуде жұрт ауыл ақсақалдарына немесе заңнан хабары бар тұлғаларға жүгінеді. Бұқараның құқық қорғау органдарына жүгінуден қашқақтайтындығыны да бар. Осы орайда халықтың саяси сауаттылығын арттыру керек» деген ой түйіндеді.
Қоғамдық медиаторлар ауыл-аймақтағы ас-жиындарда, басқосуларда отбасылық құндылықтар, қоршаған ортаға құрмет туралы жақсы әңгімелер айтып, дау туындаған жағдайда ағайын-туыс, көрші-қолаң, дос-жаран арасына түсіп, басу айтып келеді. Осы арқылы олар мәселені үлкен дау-жанжалға жеткізбей, тараптарды татуластырып, төс қағыстырып ортақ мәмілеге келуіне сүбелі үлес қосуда.