Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 12 қазандағы №725 қаулысымен бекітілген «Дені сау ұлт» әрбір азамат үшін сапалы және қолжетімді денсаулық сақтау ұлттық жобасын іске асыру шеңберінде Дүниежүзілік денсаулық күніне орай Ордабасы аудандық орталық ауруханасының бас мейірбикесі емхана бөлімі мен хирургия бөлімінің мейірбикелеріне ҚР ДСМ-нің 27.11.2020ж 211 бұйрығы Клиникалық және эпидемиологиялық айғақтар бойынша адамдарға АИТВ инфекциясының болуына медициналық тексеру қағидалары, ҚР ДСМ-нің 02.12.2022ж 151 бұйрығы Медициналық ұйымдарда инфекциялық бақылауды жүргізу қағидалары тақырыптары бойынша семинар өткізілді.
Бұлшық етке, тері ішіне, тері астына, көк тамыр ішіне ине егу алгоритмін стандарттар бойынша жүргізу.
Сонымен бірге, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 12 қазандағы №725 қаулысымен бекітілген «Дені сау ұлт» әрбір азамат үшін сапалы және қолжетімді денсаулық сақтау ұлттық жобасын іске асыру шеңберінде Дүниежүзілік денсаулық күніне орай аудандық орталық ауруханасының мейіргерлердің білімін арттыру мақсатында неврология бөлімінің инсульт орталығының мейірбикесі《Инсульттан кейінгі мейіргерлік күтім》атты тақырыбында семинар-тренинг сабағы өткізілді. Неврология бөлімінің инсульт орталығында науқастарға инсульттан кейінгі дұрыс көмек көрсету жоғары деңгейде сапалы жұмыс ұйымдастырылған.