Сонымен қатар, ішкі саясат бөлімінің басшысы «Қоғамдық саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету, этносаралық қақтығыстардың алдын алу мақсатында арнайы жұмысшы тобын», «Аудан аумағындағы этносаралық татулықты нығайту мақсатында ақпараттық-түсіндіру» топтарын құрып, осы топтарға құқық қорғау органдары, медиаторларды, аудан ардагерлері, ауыл ақсақалдары мен билерін және этномәдени орталықтарынан тарту және этносаралық қатынасты нығайту мақсатында аудандағы этно-мәдени орталық мүшелеріне Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасының «Қоғамдық келісім» жанынан арнайы «Достық» бөлмесін ашуды ұсынды.
Сонымен қатар, қазіргі таңда этносаралық тұрақтылыққа әсер етуі мүмкін негізгі факторлар мен ақпараттық кеңістіктегі келеңсіз жайттардың алдын алуға байланысты қоғам болып жұмыс жасауымыз керек.
Еліміз егемендік пен татулықтың, бейбітшілік пен келісімнің төртінші онжылдығына аяқ басты. Қазақстан тәуелсіздік алған алғашқы күннен бастап этносаралық және конфессияаралық келісімді нығайтуды басты мақсаттарының біріне айналдырды. Соның арқасында елімізде 130-дан астам ұлт пен ұлыс тату-тәтті тұрмыс кешуде.
Ел тәуелсіздігінің баянды болуының бір тетігі мемлекетіміздің 30 жылдан бері жүргізіп келе жатқан этносаясатымен тығыз байланысты. Осы уақыт аралығында әлемдегі қарқынды дамып келе жатқан елдер қатарына қосылу мақсатында ел дамуының стратегиялық бағыттарын қалыптастырды. Еліміздің өркениетті елдер қатарына қосылуы, мемлекеттің тұрақты дамуымен және өз кезегінде ел ішіндегі ұлтаралық бейбітшілікті қамтамасыз етуінде жатыр. Ал мұндай мақсатқа жету үшін қазақ қоғамының мемлекеттілігі мен саяси тұрақтылығының басты тұғыры – этносаралық үйлесімділік пен келісім…